Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 4527 0 пікір 27 Қаңтар, 2017 сағат 11:08

Қазақстанда адам құқығын қорғаушыны абақтыда ұрып-соғу фактісін тексереді

Қарағанды облысындағы Балқаш қаласының адам құқығын қорғаушысы Санат Бөкенов жарты жылдан бері абақтыда отыр. Оған жергілікті прокурорды сыбайласқан жемқорлық қылмысымен негізсіз айыптады деген күдік келтірілген. 58 жастағы Бөкенов 19 қаңтарда Қарағандыдағы сот отырысында өзін абақтыда ұрып-соққаны туралы мәлімдеді.


Сот процесі кезінде Бөкенов бірнеше өтініш түсірді. Осы аптада оның ісінде күтпеген бетбұрыс орын алды.

Мемлекеттік айыптаушы Бөкеновке қатысты қылмыстық істі тоқтатуын соттан сұрады. Прокурор тергеушіге қатысты зорлық-зомбылық қылмысына байланысты жаңа қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Дегенмен бұған қатысты процессуалдық шешім әлі қабылданған жоқ. Бөкеновке нақты қандай зорлық-зомбылық әрекеті тіркелгені айтылмаған.

Айыпталушы Санат Бөкенов бірнеше күн бұрын абақтыдағы зорлық-зомбылық туралы айтқан. Абақтыда оның жүрегі мен бүйрегі ауырып, өзі 13 келіге азған. Бұған қоса Бөкенов оның үйінде заңсыз тінту жүргізіліп, жеке заттары мен бірнеше іске қатысты құнды мәліметтер тәркіленгенін хабарлады.

Адам құқығын қорғаушыға қатысты сот қауіпсіздік шарасын қабылдады. Бөкенов сотта жеке өміріне қауіп төніп тұрғанын айтты. Сот айыпталушыны жеке камерада ұстау туралы шешім шығарды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5320