Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3821 0 пікір 26 Қаңтар, 2017 сағат 12:26

Сирия оппозициясы дағдарысты шешудегі өз жоспарын жариялады

Ресей, Иран және Түркияның ресми өкілдері Астанада аяқталған Сирия бейбіт келіссөзінің қорытындысы бойынша Сириядағы әлсіз бітімге бақылау жасау механизмін құруға келісті. Бірақ олар Сириядағы алты жылға созылған соғысты саяси жолмен тоқтату бағытында ілгері қадам жасай алмады.

Бұл қорытынды мәлімдемеге келіссөзге қатысқан Сирия оппозициясының көңілі толмады. Оппозиция өкілдері қақтығысты тоқтату режимін бұзуға бақылау жасаудың өз жоспарын ұсынды. Сирия оппозициясы делегациясының басшысы Мохаммед Аллуш оппозицияның келіссөздің қорытындысы туралы ортақ мәлімдемеге қатысты басты ескертпелерінің бірі құжаттағы "реттеу" сөзінің қолданылуы екенін мәлімдеді.

"Біз мұнда реттеу үшін келген жоқпыз. Біз дағдарысты билікті алмастыруға алып келетіндей етіп саяси шешетін келіссөз жүргізуге келдік. Бұл шешім алғашқы кезең, яғни қақтығысты тоқтату арқылы іске асады" деді Аллуш. Ол сонымен бірге оппозиция "территорияларда қақтығысты тоқтату режимі нақты орнатылмайынша" дағдарысты саяси жолмен шешу механизмдерін талқыламайтынын жеткізді.

Аллуштың сөзінше, қақтығыс расымен тоқтаған соң "гуманитарлық шаралар қабылдануы тиіс", оппозиция содан кейін ғана дағдарысты ықтимал саяси жолмен шешуге кіріседі. Ол бұған қоса бітімді бақылаудың баламалы механизмдері "бітімнің қаншалықты бұзылғанын, оның ауқымы мен кім бұзғанын" анықтауға көмектеседі. Аллуштың айтуынша, бұл туралы құжат Астанада келіссөзге қатысқан Ресей, Түркия және БҰҰ өкілдеріне берілген.

Ал Сирия оппозициясы делегациясының өкілі, "Сирия ерікті армиясының" да өкілі саналатын Осама Абу Зейд оппозицияны жасақтары бітімге мониторинг жасау механизмі жөніндегі келісімге қоспағанын айтады. "Бұл - Түркия, Ресей және Иран арасындағы келісім. Олар егемен мемлекеттер және өздері қалаған кез-келген келісім жасай алады. Қорытынды мәлімдеме қабылданатын кезде біз біраз ескертпеміз барын айттық. Бұған қоса, Иран "кепіл беруші мемлекет" деп көрсетіліпті" деді Осама Абу Зейд.

Нұргелді Әбдіғаниұлы

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371