123 392 шет ел азаматы анықталып, 7 728 адам елден шығарылды
Ішкі істер министрлігінің бастамасымен республика аумағында 2016 жылдың 1 қыркүйегінен жылдың соңына дейін «Учаске» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді. ІІМ өкілі хабарлағандай, шара барысында 2,4 млн. жеке үй мен 2,5 млн. пәтер тексерілген. Тұрғылықты мекенжайы бойына 123 392 шетел азаматы анықталып,мерзімі аяқталса да ел аумағында жүрген 7 728 адам шығарылды. Ал, ҚР азаматтары тарапынан көші-қон заңнамасын бұзғандардың саны 27 210-ға жеткен.
2016 жылдың 1 қыркүйегінен жылдың соңына дейін 56 мың жалдамалы пәтер тексеріліп, соның 19 917-сі жалдамалы пәтер екендігі анықталған. Салық органдарына 18 088 көрсетілім ұсынылды, яғни 18 мың пәтер салық органдарында рәсімделмеген. 608 қылмыскер және 499 із-түссіз жоғалушы іздестірілді. Заңсыз айналымдағы 390 атыс қаруы, соны ішінде 32 кесетін құрал алынды.
Абай-ақпарат