Еуропалық саясаткерлер Трампты "Путинмен мәмілеге келуден" сақтандырады
"Вашингтон пост" газетінде еуропалық саясаткерлер тобының АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамптың атына жазған үндеуі жарияланды. Онда олар Трампты Ресеймен жаңа "үлкен келісім" жасаудан сақтандырады.
Хат авторлары Ресей президенті Владимир Путин Американың одақтасты емес әрі халықаралық әріптес ретінде сенімсіз тұлға дейді. Олардың болжамы бойынша, Американың Путинмен мәмілесі бейбітшілікке алып келмейді. "Керісінше соғысқа алып келуі мүмкін, себебі Путин артқа шегінуді әлсіздіктің белгісі деп санайды",- деп атап өтеді саясаткерлер.
Хат авторларының жазуынша, Путин жақсы ниетті өзінің мүмкіндігі деп есептейді әрі Путин еуропалықтарға қарағанда Американың құндылықтары мен өмір сүру жағдайының өзге мемлекеттерден ұлы болғанын қаламайды.
Шығыс және Солтүстік Еуропаның 15 саяси қызметкері Ресейді Украинадағы жағдайды тұрақсыздандыруға тырысып жатыр және Қырымды аннексиялауы әлемге қауіп төндіріп тұр деп есептейді. "Біз Ресеймен жаңа келісім жасалса, тарихи жеткен жетістіктерге қауіп төнеді деп алаңдаймыз", – дейді хат авторлары.
Америка Ресейге салынған санкцияларды алып тастаса немесе Украинаның бөлінгенін қалайтын болса, үлкен қателік болады деп ескертеді еуропалық саясаткерлер.
Абай-ақпарат