Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 4766 0 пікір 10 Қаңтар, 2017 сағат 12:34

МАЙЛЫБАЙ-ЛАРДЫ БІЛЕ МЕ ЕКЕН?

Баяғыда біз жақта Майлыбай деген бай болыпты. Бар сенгені оқтаудай түзу талдан қиып, тап-таза етіп жонылған таяғы екен.

Бие құлындаса бір кертіп, қой қозыласа бір кертіп әлгі таяққа белгі салып жүретін әдеті бопты. Оқта-текте байекең малын түгендейді. Жылқыны аралап жүргенде қолындағы кертпемен саусақтары жыбырлап, аузы күбірлеп тыным таппайды. Қойды алдынан айдап өткенде де сөйтеді. Бір тай немесе тоқты жоқ болса ең әуелі әлгі таяқпен балаларын сабайды екен. Жарықтық көзі жұмылғанша есебінен жаңылмапты. Және малды алаөкпе етіп қуаламаңдар деп бір мәрте ғана есептейді екен. Қарияның таяғындағы кертік құпиясы сол күйі ашылмапты. "Қой мен жылқыны санағанда қалай шатаспайды, кертіктерінде айырмашылық бар ма?" деген ағайын таяқты мың айналдырса да қарт жұмбағын шеше алмапты. Ел билеу үшін осындай қанмен сіңген, текпен берілген даналық керек-ау. 

Пы.сы. Сайлау, санақ, ЕКСПО, тіркеу, т.б деп елдің есін шығаратындар Майлыбайларды біле ме екен?

Серік Әбікен

Facebook-тегі парақшасынан

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5392