Бейсенбі, 15 Қазан 2026
Анық 5873 0 пікір 4 Қаңтар, 2017 сағат 16:28

БҰҰ. ҚАЗАҚСТАН ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ

Қазақстан алғаш рет БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі отырысына қатысты деп хабарлайды  ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Бүгін, яғни, 3 қаңтар күні Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде 2017 жылғы Кеңестің алғашқы отырысына қатысты. Отырыс барысында 2017 жылдың қаңтар айына арналған Қауіпсіздік Кеңесінің жұмыс бағдарламасы бекітілді. Қазақстандық делегацияны Қазақстан Республикасының Уақытша сенімді өкілі Барлыбай Садықов бастап барды. Сол күні Қауіпсіздік Кеңесіне мүше Боливия, Ұлыбритания, Египет, Италия, Қазақстан, Қытай, Ресей, Сенегал, АҚШ, Украина, Уругвай, Франция, Швеция және Жапонияның барлық делегация жетекшілерінің дәстүрлі ресми кездесуі болды. Шара Швеция корольдігінің уәкілдігінде бұл елдің тұрақты өкілі, 2017 жылдың қаңтарынан Қауіпсіздік Кеңесін басқаратын  Олаф Скугтың төрағалығымен өтті, делінген ҚР Сыртқы істер министрлігінің хабарламасында.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 1002
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1359