Сенбі, 12 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 4572 0 пікір 2 Қаңтар, 2017 сағат 15:29

Ақпарат министрі көңіл айтты

ҚР Ақпарат және комуникациялар министрі Дәурен Абаев Шахан кентіндегі апатта қаза болғандардың туыс-туғандарына көңіл айтты деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жылдың басында Шахан кентінде апаттың болуы барша қазақстандықтар үшін үлкен қайғы. Бәріміз опат болған отандастарымыздың қазасына ортақпыз, орны толмас қазаға қайғырып, көңіл айтамыз. Өзім де қаза болған азаматтардың туыс-туғандарына көңіл айтып, зардап шеккендердің тездетіп сауығып кетулеріне тілектеспін»,- деп жазды Д.Абаев әлеуметтік желідегі парақшасында.

Еске сала кетейік, 1 қаңтар күні 22:40-та Қарағанды облысы ТЖД құтқару бөліміне Шахтинск қаласы Шахан кентіндегі көпқабатты үйдің бір бөлігі опырылып түскені туралы қоңырау шалынған. Оқиға орнына шұғыл түрде ТЖД құтқарушылары жөнелтіліп, тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілді. Әуелі 1 адамның мәйіті үйінді астынан шығарылған болатын. Кейін екінші тұрғынның денесі үйінді астынан табылды. Қазіргі уақытқа дейін үйінді астынан 9 көз жұмған адамның денесі аршып алынды. Оның үшеуі ер адам, үшеуі әйел, үшеуі бала. Баланың біреуі 2016 жылы, екіншісі 2010 жылы дүниеге келген екен.

 

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1119
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2656
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 773
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 739