"МАРИЯМ ЖАГОР ДЕГЕН ОРЫС ҚЫЗЫ": ҚОС ҒАШЫҚТЫҢ СУРЕТІ ТАБЫЛДЫ
Халық арасына кең тараған, әйгілі «Дудар-ай» әнінің кейіпкерлері Дүйсен атты қазақ жігіті мен Мариям Жагор деген орыс қызының суреті табылды. Бұл туралы фейсбук әлеуметтік желі қолданушысы Мұсайып Сыдықов жария етті. Ол ғашықтардың суретін жариялап, былай деп жазған екен: «Бүгін Қытай мемлекетінде тұратын туыстарыммен (WeChat - "Мұрын ұрпақтары" тобы) пікір алысып отырып, Доқтырқан деген бауырымның чатқа қойған төмендегі суреттін көрдім. 100 пайыз анық деп айта алмаймын, қазағымыздың аузында аңыз-өлеңмен әйгілі болған қарияларымызды қоймасқа болмады.
Араб әрпімен "Аттары аңызға айналған қос ғашықтар Мариям Жагор қызы, Дүйсен (Дудар)"-деп жазылған. Одан әрі төменде йероглифпен жазылғанды оқуға, сауатым жетпеді».
Біз жоғарыдағы азаматтың жариялаған тарихи фотосын оқырман назарына ұсынып отырмыз.
Abai.kz
Әнші Жұбаныш Жексенұлының орындауында "Дудар-ай" әні