Оӊтүстікте жылына 710,6 мыӊ тонна сүт және сүт өнімдері өндіріледі
2016 жылдыӊ қорытынды есебі бойынша Оӊтүстік Қазақстан облысындағы шаруашылықтарда барлығы 921434 iрi қара бар,- деп хабарлайды «Абай ақпарат» порталы.
Оныӊ 26,6 мыӊы ауыл шаруашылығы кәсiпорындарыныӊ, 64,9 мыӊы шаруа және фермерлiк қожалықтарыныӊ, ал, қалған 829 мыӊы тұрғындардыӊ еншісінде.
ОҚО ауыл шаруашылығы басқармасыныӊ мәлімдеуінше, облыста жылына 110 мыӊ тонна ет өндiрiледi. Оныӊ 48 мыӊ тоннасы - сиыр етi. Өӊірде жылына 2840 мыӊ адам 44 мыӊ тонна iрi қара мал етiн тұтынады. Биыл 107 тонна ет шетелге экспортталды. Келешекте экспорт көлемiн 2 мыӊ тоннаға дейiн жеткiзу көзделуде.
Бүгінде Оӊтүстік Қазақстан облысында мал шаруашылығын дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Мәселен, мемлекеттiк бағдарлама шеӊберiнде 2014-2015 жылдары 9999 жоба iске асырылып, нәтижесінде 8102 шағын мал бордақылау алаӊы, 1768 отбасылық сүт фермасы, 104 сүт қабылдау бекетi, 25 СТК құрылды. Осы арқылы 12,5 мыӊ тұрақты жұмыс орны ашылған. Ағымдағы жылдыӊ алғашқы алты айында қосымша 1999 мал бордақылау алаӊы, 517 отбасылық сүт фермасы ашылды. Шаруашылықтыӊ барлық санатында 508394 мыӊ тонна сүт өндiрiлдi.
Жалпы, бұл облыс тұрғындарына жылына 738,4 мыӊ тонна сүт және сүт өнiмдерi қажет болса, бүгiнгi таӊда бұл өнiмдерден нақты өндiрiлетiнi - 710,6 мыӊ тонна. Яғни, сұраныстыӊ 96 пайызын Оӊтүстіктіӊ шаруалары қанағаттандырып отыр. Алдағы уақытта сүтпен тек облысты емес, өзге өӊірлерді де қамтамасыз ету көзделуде. Бүгінде облыс әкімдігі осы бағыттағы жұмысты жандандыра түсті.
Абай ақпарат