Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3266 0 пікір 25 Желтоқсан, 2016 сағат 11:56

Түлкібаста ауылшаруашылық саласыныӊ өнімі 19 млрд. 650,1 млн. теӊгені құрады

Оӊтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданыныӊ ауыл шаруашылық саласындағы межелі міндеттер толық орындалды, деп хабарлайды облыс әкімдігініӊ баспасөз қызметі.

Ауыл шаруашылық саласыныӊ өнім көлемі 2016 жылдыӊ 9 айында 19 млрд. 650,1 млн. теӊгені құрады. Нақты көлем индексі 100,1пайыз. 

2016 жылға 900 гектарға бау егу жоспарланған, 9 айдыӊ қорытындысы бойынша орындалғаны-122 гектар.

Тамшылатып суғару әдісі межедегі 520 гектарға жетіп, тереӊ қопсыту технологиясы 4920 гектарға енгізілді. Бұл тұрғыда жүктелген міндет толық орындалды.

Мал шаруашылығы саласында 2016 жылдыӊ 9 айында 11 млрд. 627,3 млн. теӊгеніӊ өнiмi өндiрiліп, нақты көлем индексі 102,2 пайызды құрады.

Ет өндіру-102,8%, сүт-100,7%, жұмыртқа-101,8% артты.

Мал шаруашылығын дамыту шараларын іске асыру нәтижесінде 328 тонна ет, 276 тонна сүт, 251 мыӊ дана жұмыртқа өнімдері қосымша өндірілді.

Сонымен қатар ауданда мемлекеттік бағдарламалар да тиісті деӊгейде атқарылып келеді. Мәселен, "Сыбаға" бағдарламасы бойынша 406 бас сатып алынып, жылдық жоспар 4 есеге артығымен орындалды. "Алтын асық" бағдарламасы бойынша 430 бас алынып 107,5 % орындалды. Оӊтүстік Қазақстан облысы мал шаруашылығын дамыту іс-шараларыныӊ 2014-2016 жылдарға арналған жоспары бойынша ауданда10-15 басқа арналған 230 шағын мал бордақылау алаӊдары, 5-10 бастық 71 жанұялық сүт фермасы, 13 сүт қабылдау бекеттері ашылып, межелер артығымен орындалды.

Abai.kz 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377