Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3608 0 пікір 25 Желтоқсан, 2016 сағат 11:52

Отырар әкімі ауылшаруашылық басқармасының есебін тыңдады

Оӊтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданыныӊ әкімі Ерлан Айтахановтыӊ төрағалығымен өткен аппарат жиынныӊ күн тәртібінде екі мәселе қаралып, талқыланды, деп хабарлайды аудан әкімдігініӊ баспасөз қызметі.

Бірі - қысқы жылудыӊ берілуі, екіншісі - жер түгендеудіӊ қорытындысы. Бірінші мәселе бойынша аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімініӊ басшысы Е.Исмайлов қыс мезгілінде әлеуметтік нысандарға жылудыӊ берілу барысы туралы баяндама жасады. Бөлім басшысыныӊ есебін тыӊдаған аудан әкімі аудан аумағындағы әлеуметтік нысандарда жылудыӊ қалыпты температурада болуын қамтамасыз етуді ауыл округі әкімдері мен тиісті мекеме басшыларына, аталған жұмыстарға аппарат қызметкерлері күнделікті мониторинг жүргізіп, мәлімет ұсынуды жүктеді.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша аудандық жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімініӊ басшысы Б.Сыздық жер түгендеу жұмыстарыныӊ барысы жөнінде мәлімдеді. Б.Сыздықтыӊ баяндамасын тыӊдаған аудан әкімі ауданымызда жер түгендеу жұмыстары баяу жүргізіліп отырғандығын айта келе, тиісті басқармамен тығыз байланыста жұмысты жандандыра отырып жүргізуді тапсырды.

Жиын соӊында аудан басшысы Ерлан Қуанышұлы жылдыӊ аяқталып келе жатқандығын ескертіп, ел Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығын жоғары деӊгейде атап өтуді, облыс әкімініӊ хаттамалық тапсырмаларыныӊ, бюджеттіӊ атқарылуы мен индикаторлардыӊ орындалуын тиісті мекеме басшыларына тапсырып, жұмыстардыӊ орындалуын қадағалауды аудан әкімі аппаратыныӊ басшысы А.Құрманға жүктеді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377