Аграрлық салаға 6 млрд 47 млн теңге субсидия бөлінеді
Келер 2017 жылы Оңтүстік Қазақстанның аграрлық саласында еңбек етіп жүрген шаураларға 6 млрд 47 млн теңге субсидия бөлінетін болды, - деп хабарлайды Абай-ақпарат.
«Елде болса, ерінге тиеді, аулда болса, ауызға тиеді» демекші, еліміздің әр өңірінде ауыл шаруашылығы саласы дамып, өнім көбейген сайын, ең алдымен халыққа пайдалы. Бүгінде халық оңтүстіктің арзан әрі сапалы тауарларын алып, алғысын білдіріп жатыр. Қараша айының соңында өткен ауыл шаруашылығы еңбеккерлеріне арналған «Алтын күз 2016» мерекелік іс-шарасы өткен болатын. Осы шара аясында облысы әкімі Жансейіт Түймебаев оңтүстік өңір шаруаларының қаруар еңбегін тілге тиек ете отырып, облыс жетістіктерін ауыз толытырып айтты.
Облыс бойынша былтырғы жылмен салыстырғанда егістік алқабы 13 мың гектарға ұлғайған. Бүгінгі таңда ауданда 57,5 мың тонна мақта шикізаты, 584,2 мың тонна бақша өнімдері, 115,2 мың тонна көкөніс өнімдері және тағы басқа ауыл шаруашылығы өнімдері өндірілді. Айта кетер бір жетістік, негізінен ауданда өндірілген ауыл шаруашылығы өнімдерінің 65-70% мен мақта шикізатының 85-90% шет мемлекеттерге экспортталады.
Мұның барлығы, әрине, ерте көктемнен басталатын науқанға жауапкершілікпен қарауда жатыр. Шаруалар жанар жағар майдан қиындық көрген жоқ. Биыл ауданның ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілеріне «Максимум» АИО ЖШС және «Ырыс» МҚҰ» ЖШС тарапынан көктемгі егін егу жұмыстарына 379 жобаға 596,2 млн теңге несие берді. Бүгінгі таңда 2017 жылғы көктемгі егін егу жұмыстарына да бөлінетін қаржыны шаруаларға өз уақытында жеткізу мақсатында құжаттарды қабылдау қазірден жүргізілуде. Облыс әкімінң айтуынша келер жылы Оңтүстік Қазақстанның аграрлық саласында еңбек етіп жүрген шаураларға 6 млрд 47 млн теңге субсидия бөлінді.
Абай-ақпарат