Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3146 0 пікір 24 Желтоқсан, 2016 сағат 12:18

Жыландыда азық-түлік те.. тас та өндіріледі

Оңтүстік Қазақстан облысы. Бәйдібек ауданына қарасты «Боралдай ауылдық округі, Жыланды елді мекеніндегі индустриялды аймақты таныстыру барысы» туралы аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Үсенұлы Ерлан  Abai.kz ақпараттық порталының тілшсіне үдемелі индустриялды-инновациялық  даму  бағдарламасы ауқымында  бірнеше  ірі  жобалар  қолға  алынып, жұмыстар  атқарылып жатқанын мәлім етті.

Аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Ерлан Үсенұлы  өз сөзінде Индустрияландыру  картасына  енгізілген  жобаларды  жүзеге асырушы кәсіпкерлік  құрылымдар  мен  инвесторлардың  қызығушылығын  арттыру мақсатында  Боралдай  ауылдық  округі, Жыланды  елді  мекенінен  63,045 га жер телімі  бөлініп, индустриялды  аймақтық  құрылысының жүргізіліп жатқанын айтты.

-          Бүгінгі  таңда аймаққа қажетті инфрақұрылымдар жүргізілді. Құрылыс жұмыстарын  осы желтоқсан айында толық  аяқтау  биылға  жоспарланып  отыр. Аймақта  өндірілген  өнім  тас өңдеу, азық-түлік өндіру  бағыттарында  болмақ, - дейді  кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Ерлан Үсенұлы.

Бәйдібек ауданының әкімі Б.Танагузовтың айтуына қарағанда, аталған елді-мекендегі  үдемелі индустриялды-инновациялық  даму  бағдарламасына барлық деңгейдегі кәсіпкерлер қатыса алатын көрінеді. «Сондай-ақ алдағы уақытта әрбір ауылдық округтегі кәсіп көзін ашып, нақты іспен айналысамын дейтін  азаматтарға шағын несие алу және басқа да кәсіпкерліктің жолдарын түсіндіру жұмыстары жүргізіледі», - деді Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданының әкімі Б. Танагузов мырза.

Шахмұрат Молдабек

Абай-ақпарат    

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5411