Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2911 0 пікір 24 Желтоқсан, 2016 сағат 11:22

Диқан 4,8 гектар жерге жеміс көшеттерін отырғызған

Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданына қарасты Көксу ауданының тұрғыны Асан Әділбеков 4,8 гектар жерге жеміс көшеттерін отырғызған, - деп хабарлайды Абай-ақпарат.

Шардара ауданына қарасты Көксу ауылында ауыл шаруашылығы жақсы етек жайып, кең өріс алып келеді. Белгiлi мақта майталманы, «Құрмет» орденiнiң иегерi Асан Әдiлбековтiң «Тоқай» шаруашылығында жаңалықтар биыл көп болды.

Шиттi мақтамен қатар кәнiгi диқан бау өсiруге де бет бұрыпты. Алдыңғы жылы 4,8 гектар алқапқа жемiс көшеттерiн отырғызған Асекеңнiң осынау интенсивтi бау-бақшасында дарақтар тегiс түп алып, жасыл желекке ораныпты. Баудағы тез пiсетiн алма және өрiк ағаштарының алды нышан шығарып үлгерген. Әдiлбековтер отбасы келер жылы алғашқы өнiмдi аламыз деп үмiт күтiп отыр. Барлық шаруаны талапқа сай атқаратын «Тоқай» шаруа қожалығында шешiлмей жатқан мәселе жоқ. «Сыбаға» бағдарламасы арқылы 15 млн. теңге несие алып, мал басын асылдандыру iсiмен айналысып жатқан Мырзабек Тәжiмұратов былтырғы жылы солтүстiк өңiрден сүттi мол беретiн сиыр тұқымын әкелген екен.

Тәулiгiне 30 литрден кем сүт бермейтiн осынау асыл тұқымды жерсiндiрген М.Тәжiмұратов биыл осындай сүттi тұқымның тағы да 15 басын алуға құлшынып отыр. Мұнан бөлек асыл тұқымды 2 бас айғыр алған фермер жылқы малын да асылдандыруға бет бұрған. Сонымен бiрге 60 басқа арналған көлемi 15х12 метр келетiн заманауи үлгiдегi мал бордақылау алаңын iске қосқалы отырған Мырзабек Тәжiмұратовтың әрекетiне де аудан әкiмi сәттiлiк тiледi.Дәл осындай шағын мал бордақылау алаңын салып жатқан Батыр Әбiлдаев есiмдi ауыл тұрғыны алдағы күзден бастап мал семiртуге кiрспекшi екен.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1469
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5406