Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2871 0 пікір 23 Желтоқсан, 2016 сағат 23:38

Тыңайтқышқа да субсидия берілді

Шаруа қауым еңбек етсе ғана оның нәтижесі болатындығын бүгінде жақсы түсінеді. Сонымен қатар, диқандар мемлекет тарапынан берілетін қаржылай қолдауларды да тиімді пайдалануда, - деп хабарлайды Абай-ақпарат.

Бұл қаражаттардың тигізіп жатқан септігі зор. Жалпы, аграрлық саланы дамытуға Үкімет тарапынан беріліп жатқан субсидияның мөлшері жылдан-жылға ұлғайып келе жатыр. Мысалы, қазір жердің құнары төмен болғандықтан, оған тыңайтқыш сеппей, өнім алу мүмкін емес. Бұл үшін мемлекеттен биыл 2,260 млрд теңге қаралды. Яғни, былтырғыға қарағанда 5 мың тонна артық тыңайтқышқа субсидия берілді. Дербес арамшөптерге қарсы химикаттарды алуға да мемлекет жәрдем береді.

Субсидия берілуге байланысты дау-дамайлардың жиі туындайтынын білеміз. Кейбір шаруалардың «егін ектім» деп жалған айтып, субсидия алғандығы кейіннен әшкере болып жатады. Жалпы, келесі жылдан бастап мұндай келеңсіздіктерге жол берілмейді. Енді, кез-келген шаруа қожалығының субсидия алуға қолы жете бермейтін болды. Бұл мемлекеттен бөлінетін қаржы тоқтамайды, оның көлемі де азаймайды. Тек, сапалы өнім өндіруге әрекет жасаған шаруалар ғана көмекке қол жеткізе алады деген сөз. Ол үшін өңірдің климатына байланысты басымдылық танытатын өнімдер ғана сараланып алынады. Енді, қай өнімді дамытуға болатындығын жергілікті билік анықтайды. Бұл бір. Екіншіден, мақта егіледі делік. Бір мақтаның өзіне мемлекеттен 6 түрлі субсидия бөлінеді. Оған алынатын тұқым, тыңайтқыштар, химикаттар және өзге берілетін заттарға қаржы (субсидия) гектарына беріледі. Мемлекет бүгінде мұның тиімсіз екенін түсінді. Себебі, шаруа қожалықтардың өндірген өнімдерінде ешқандай жаңашылдық жоқ. Олар мемлекеттен көмек ақша алады, оны пайдаланады, өнім де алады. Дегенмен, оның аз-көптігіне, сапасына ешкім бас қатырмайды. Сол себепті, ендігі көмек тек ғылыми жаңалық енгізген диқандарға ғана беріледі. Қазіргі таңда мұның ережесі жасалу үстінде.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5435