Жұма, 22 Қараша 2024
Қоғам 14892 1 пікір 1 Маусым, 2015 сағат 12:50

ҚАЗАҚ БАЙЛАРЫ. ОЛАР КІМДЕР?

Бүгін жазықсыз жаппа шеккендерді  және ашаршылық құрбандарын еске алып, күрсініп жатырмыз. Тарихты жадымызға жиі еске алып тұрған дұрыс. Сол арқылы өткенімізге ой жіберіп, келешегіміздің қамын жасаймыз. Десек те осы біз неге 16-ны, 31-ді, 37-ні еске аламызда, 28-ді тасада қалдырып қойамыз. Он алтыда дүрбелең болып, билік ауысты, көтеріліс болды. Алмағайып уақыт болды.  Отыз бірде  ұжымдастыру болып, арты ашаршылыққа айналып, біраз халықтан айырылдық. Отыз жетіде бар оқыған азаматтарымыздан айырылып, таным түсінігімізден айырылдық. Осы ортада жиырма сегізінші жылғы қазақтың басынан өткен қасірет қалып кетеді. Шамасы біздің ғалымдар байларға «жаны қас па?» деген ой да келеді. Сол Алаштың ардақты азаматтарының артында қазақтың жомарт байлары тұрды ғой. Мәселен, қазақ газетін қазақ байлары қаржыландырып тұрды. Оны кейбір зерттеушілер ««Қазақ» газеті өзін-өзі қаржыландырды» деген пікірді білдіреді. Тіпті, сол «Қазақ» газетін жауып тастағанда, қазақтың байлары жылқыларын садақа етіп беріп, салынған айыппұлды төлеп, газеттің жұмыс жасауын тоқтатпады. Қазақ байлары кімдер еді? Қазақтың бар байы жақсы болды дей алмаймыз, десекте жаман болған жоқ. Біздің қазақ даласында сол  кездегі Еуропадағыдай немесе Ресейдегідей бай мен кедей арасында алшақтық болған жоқ, ол – бір. Екіншіден, белгілі дәрежеде ислам ұстанымдарының болуы бай мен кедей арасында дәнекер болатын зекет және садақа сияқты нәрселердің болуы бай мен кедей арасын жақындасырушы факторлар болды. Оған қазақтың салт-дәстүріндегі ағайынгершілік, жылу жинап беру, қамқорлық жасау  деген жөн жоралғыларды қоссаңыз, бай мен кедей арасы, бізге коммунистер айтқандай, араздық болды деуге келмейді. «Бай болсаң халқыңа пайдаң тисін» дегенді қазақ байлары барлығы болмаса да, көбісі осы ұстанымды ұстанды. Бұған Мұса би әрі қазақтың байы Баянауылда мектеп ашуы тарихи дәлел болады. Одан бөлек мешіт пен медресе салған қазақта қаншама байлар бар. Жай бай ғана емес, жомарт байлар болды. Біз осы жиырма сегіздегі қасіретке мән бермей отырған сияқтымыз.  Бізде ашаршылық болды. Ол ұжымдастырудан басталды. Кеңестік жүйе оған дайындықты алдымен қазақтың ауқатты байларынан айырудан бастады. Қазақ байлары сол замандағы экономикамыздың тірегі болған буын болатын. Ойлаңыз, экономикалық тіректен, буыннан, қазіргінің тілімен айтқанда, экономика бойынша менеджерлерден және бизнес элитадан айырылдық. Орта тап пен жоғарғы таптан түгелдей айырылуымыз арқылы әлсіз төменгі тап қалды. Экономикада мемлекеттің негізгі тірегі ол орта тап дейді. Қазіргі еліміздің басты саясатының бірі орта тапты қалыптастыру деген болып жатыр.  Байлардың малын тәркілеп елге таратып берді. Өздерін Сібірге ит жеккенге айдатты. Қазақ байларының байлығын бөлісіп алған халықта шын мәнінде қуат болмады. Сонымен бірге сол заманғы басқару тәжірибесі болмады. Мәселен, осы тоқсан үшінші жылдары совхоздар тарағанда қойшылардың алдынағы мыңдаған малды жекеменшігіне айналдырып берген әділ совхоз басшылары болды. Әлгі қойшылардың басым бөлігі сол малға ие бола алмады. Тіпті кейбірі бір аптаның ішінде жоқ қылды. Себебі неде? Ол қойшылар басқару, жоспарлау, есеп қисап сияқты білімдер мен тәжіирбелерден жұрдай болатын.  Содан оқыстан келген байлыққа ие бола алмай қалды. Еңді қазақтың жиырмасыншы ғасырдағы байларына келсек, олар өз заманындағы мал шаруашылығын жетік меңгерген менеджерлер еді. 

Енді бізге келсек, біздегі ғылыми таразы мәселесі қанша советті, коммунистерді жамандасақ та әлі күнге солардың бізге жасап берген ғылыми әдіснамасынан бас тартқымыз келмей келе жатыр. Әлі де «бай» деген «жаман» ұғымы ретінде қабылдаймыз. Егер бұлай  қабылдамағанда бүгінгі күні қазақ байларын жазықсыз байлықтарын тәркілеп, сібірге жер аударғанына мән берген болар едік. Мәселен, халық жауы жаласының құрбандарының ұрпақтарына кеңес өкіметі қалай қысым жасаса, қазақтың байларының ұрпақтарына сондай қысым жасап, оларды оқытпай, білім бермей тастады. Оған тарихи дәлелдер көптеп кездестіруге болады.

Иә, қазіргі қоғамымызда тоқсаныншы жылдардағы жекешелендіруде бар байлықты барынша басып қалғандар байлардың бәлкім басым бөлігін құрайтын болар. Осыларға халықтың, зиялы қауымның да іштей болса да жек көрушілігі болуы мүмкін. Дегенмен де, жаңа байларға деген жек көрушілік пен кешегі кеңестік идеологиядағы байлар «жаман» деген түсінікте қалып қоймауымыз қажет. Дәлірек айтқанда, жиырма сегізде жапа шеккен қазақтың буржуазиясын айтып отырмын.

Түйіндей келгенде, осы күні жиырма сегізде жазықсыз жапа шеккен қазақ байларын да еске алған дұрыс.

 

Руслан Ахмаганбетов,

Саясаттанушы

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5322