Жексенбі, 22 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 6178 0 пікір 30 Қыркүйек, 2010 сағат 05:21

Жамбыл облысының солтүстігіне құландар мен қарақұйрықтар жылыстауы мүмкін.

Ал оның солтүстік бөлігі Сарышаған сынақ полигонының аумағын қамтиды.

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің   Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті 2010 жылы Аңдысай мемлекеттік зоологиялық қорығын кеңейтуді жоспарлаған болатын.
Бұл қорық Жамбыл облысында 1 млн. га. алқапта орналасқан. Ал оның солтүстік бөлігі Сарышаған сынақ полигонының аумағын қамтиды. Ағымдағы жылы Комитет құландар мен қарақұйрықтарды Қорықта олар бұрын  мекендеген жерлерге қайта жерсіндіру жұмысын жүргізіп отыр.
Жоба ойдағыдай іске асырылған жағдайда жануарлардың Жамбыл облысының солтүстігіне жылыстауы мүмкін. Кеңейту жоспарланып отырған, жоғарыда көрсетілген полигонды қамтитын аумақ осы факторды ескере отырып  таңдалды.
Осыған байланысты осыған жауапты аталмыш министрліктің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті Қорықты таңдап алынған аумақта кеңейту үшін Қорғаныс, индустрия және жаңа технологиялар министрліктерінен келісім беруді сұрап отыр.
Ал, бұл қорық «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес заңды тұлға мәртебесі берілмей және пайдаланушылардан жер учаскелері алынбай  құрылады.

Әсел Назаралы

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1963