Жексенбі, 6 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 7889 0 пікір 31 Наурыз, 2015 сағат 11:08

КАРИМОВТЫ ҚҰТТЫҚТАДЫ

«Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ислам Каримовке Өзбекстан Республикасының Президенті лауазымына қайта сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады» деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі
Жеделхатта сайлау нәтижелері И.Каримовтің халық алдындағы беделінің, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және Өзбекстанның халықаралық қауымдастықтағы абыройын нығайтуға бағытталған парасатты саясатына көрсетілген кең қолдаудың айқын дәлелі екені атап өтілген.
Мемлекет басшысы сондай-ақ И.Каримовтің басшылығымен Өзбекстанның одан әрі гүлдене беретініне сенім білдірген. «Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы бауырлас қарым-қатынастар стратегиялық ынтымақтастық деңгейінде нығая түсетініне кәміл сенемін», - делінген жеделхатта.

Абай-ақпарат.

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 925
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2389
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 630
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 606