Сенбі, 23 Қараша 2024
Қоғам 5495 0 пікір 20 Ақпан, 2015 сағат 10:05

БҰЛ САЙЛАУҒА НАУҚАН СИЯҚТЫ ҚАРАУҒА БОЛМАЙДЫ

Соттың шешімімен жабылған ADAM bol журналының төңірегіндегі мәселе әлі де толастар емес. Жергілікті және шетелдік қоғам өкілдері тыйым салынған журналды қолдау ісін жалғастыруда. Бұл жағдайға байланысты журналдың бас редакторы Гүлжан Ерғалиева сұхбат берген еді.

- Гүлжан Хамитқызы, жуырда Қазақстандағы бірқатар тәуелсіз басылымдардың бас редакторлары Сізді қолдап баспасөз мәжілісіне шықты. Олар ADAM bol ға қатысты сотты елдегі тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдарын жою саясатының көрсеткіші ретінде бағалады. Сонымен қатар, елдегі тәуелсіз БАҚ - ты қорғау ұйымын құру ұсынысы айтылды. Әріптестеріңіздің бұл бастамасына қатысты сіз не ойлайсыз?

- Менің ойымша, жыл сайын бір тәуелсіз БАҚ-тан айрылып, қысымды бастарынан өткеріп жүрген әріптестер мен оқырмандарымыздың бұл алаңдаушылығы орынды. Жағдай шынымен ушығып барады. Егер шындықтың бетіне тура қарайтын болсақ, көп жылдан бері елімізде тәуелсіз БАҚ жұқпалы ауру сынды жойылды - билік оны тоталды және жүйелі түрде, заңдылыққа еш назар аудармастан аяусыз жаншыды. Барлығы да мемлекетіміздің негізгі ұстанымдары туралы ұмытқандай, оның ішінде, біздің конституциямызда бекітілген демократиялық нормалар туралы кепілдікті, сонымен бірге сөз бостандығына құқық пен цензураға тыйым салу туралы түсінікті жайына қалдырды.

Бұл жағдай тәуелсіз басылымдардың, оның оқырмандары мен танымал әрі тартымды БАҚ жасай алатын медиаменеджерлерді құртуды конвейерге қойған билік арасындағы тартысқа әкелді.

Осындай кезеңде ADAM bol-ға қарсы ұйымдастырылған қудалау шыдамның шегі болғандай. Қоғам мен тәуелсіз әріптестер журналдың жағына шығып, оны қорғау науқанын бастады. Қашанғы шыдауға болады? Тәуелсіз БАҚ – қоғам құндылығы, керек болса, мемлекетіміздің келбеті емес пе?! Сондықтан, ол құндылықтың жойылуы, тапталуы байқаусыз әрі қарсылықсыз өтуі мүмкін емес. Осының нәтижесі ретінде елде тәуелсіз БАҚ құқығын қорғау ұйымын құру туралы ой пайда болды. Бұл бастама үлкен қолдау табады деген сенімдемін. Себебі, шынайы ақпарат алғысы келетін қалың оқырманның саяси және заңды құқығын қорғайтын күш болуы керек емес пе? Яғни, көп жылдан бері жалғасып келе жатқан ең алдыңғы қатарлы БАҚ-қа қарсы аяусыз күрес енді ғана соған сәйкес жауап алды.

- Тәуелсіз БАҚ-ты жою елдің ақпараттық қауіпсіздігіне қалай әсер етпек?

- Әрине, теріс әсер етеді. Билікшіл БАҚ-тың тайыз саясаты оқырманның бүгінгі талаптарына сай келмейді. Азаматтар күнделікті өмірімізге тікелей қатысы бар әлемдік және елдегі ақпараттың анығын, шынайы бағасын білгісі келеді. Қазіргі заманда адамдар түрлі арандатушылық пен қатерлі ықпалға түсіп кетпес үшін дұрыс ақпараттанған әрі сауатты болуы шарт. Мұндай сенім саясатын (алдау саясаты емес) ең бірінші кезекте БАҚ қалыптастыра алады. Бірақ, біздің елде барлық БАҚ-қа сенім жоқ екенін түсінуіміз керек. Халық көбіне біраз жылдан бері қандай да қиындықтарға қарамастан, шындықты айтудан таймаған санаулы тәуелсіз, оппозициялық басылымдарға сенеді. Ақпараттық қауіпсіздіктің басты негізі де осы – елде халық сенетін, оның сөзіне құлақ асатын БАҚ болуы тиіс. Бірақ біздің биліктің саясаты керісінше, халық сеніміне ие БАҚ жоқтың қасы, ал шындықты айтуға тырысатын санаулы басылымдар түрлі себептермен қудаланып келеді.

- Соңғы уақытта ең көп талқыланып жатқан мәселе - кезектен тыс президент сайлауы. Егер Сіздің журнал жарық көріп тұрғанда бұл мәселені қай тұрғыдан жазар едіңіз?

- ADAM bol-дың 21 қараша күні шығуы тиіс саны дәл осы мәселеге арналған еді. Сол жерде бұл сайлаудың нағыз себептері мен салдары, оның өтуіне мүдделі ішкі, сыртқы күштердің ықпалы, президенттің мүмкін қарсыластары мен кландар арасындағы ішкі тартыс туралы зерттеулерімізді бастаған едік. Соңғы үш ай ішінде еліміз үшін маңызды бұл науқан жайлы анық әрі шынайы ақпараттың біразын айтып та үлгерер едік біз. Себебі, бұл жолғы сайлауға әдеттегі науқан сияқты қарауға болмайды.

Алда келе жатқан сайлаудың объективті заңдылықтарын біз терең түсінген едік, бұл науқанның саяси өмірге үлкен өзгерістер әкелетінін де сараптадық. Біз әрине үйреншікті, ешкім де сенбейтін, қоғам қабылдамайтын «нұротандық» жаттанды ұрандарды жазудан аулақ болар едік, әрине.

Қазір Назарбаевтың елбасы, яғни көсем мен константа ретінде рөлін емес, бүгінгідей алмағайып кезеңде - сыртқы және ішкі қиын жағдайларға, ірі державалар арасындағы геосаяси қақтығыстарға, елде саяси, әлеуметтік, экономикалық салаларда жіберілген қателіктердің салдарынан туындаған дағдарысқа байланысты - елімізді жаңа сапалы деңгейге көтере алатын нағыз саясаткер әрі стратег ретіндегі бейнесін таразылайтын әрі түсінетін уақыт келді.

Дәл қазіргі жағдайда Қазақстан мен Назарбаев – толық адекватты түсінік, басқа таңдау бізде жоқ, дайын емес және бұған дейін сыннан өтпеді. Қазір «2050» сияқты стратегия емес, 2015; 2016; 2017 жылдарға арналған тактика маңызды. Біз үшін бұл Ресей сияқты саяси текетіреске ұрынып, оқшаулануға түсіп, экономикалық дағдарысқа ұшырамас үшін, қоғамымыздың моральдық және психологиялық ахуалын сауықтыру үшін қажет. Міне, сайлау науқаны туралы осы тұрғыдан жазып, президенттікке үміткер Назарбаевқа белгілі деңгейде үміт артып отырған қоғамның бұл пікірін де жеткізуге тырысар едік.

Елдің көшбасшысын терең сараптан өткізіп сайлайтын уақыт жетті – адресті түрде, ойланып, толғанып, үнемі кеңесіп, Орталық сайлау комиссиясының номиналды тізімдері емес, шынайы дауыс берушілер қолдайтын адал әрі қажетті идеяларды айта алатын қоғамның интеллектуалды мүмкіндігін пайдаланып. Дәл бүгін, бұрынғыға қарағанда, шынайы сайлау өткізетін және оны заңды, легитимді деп танитындай жағдай туындады.

Сұхбаттасқан Инга Иманбай.

Абай.kz

Дереккөз: «Ашық Алаң» газеті.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3234
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364