Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 4901 0 пікір 27 Қаңтар, 2015 сағат 13:17

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ МЕМХАТШЫМЕН МЕРЕЙТОЙЛЫҚ ШАРАЛАРҒА ДАЙЫНДЫҚТЫ ТАЛҚЫЛАДЫ

ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықовамен кездесу өткізгенін хабарлады.

Мемхатшы алдағы мерейтойлық даталарды  -  Қазақ хандығының 550 жылдығын, Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 70 жылдығын, Конституцияның және Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығын мерекелеуге дайындық барысы туралы  баяндады.

Нұрсұлтан Назарбаев осы іс-шаралардың жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу, мемлекеттілікті нығайту, сондай-ақ республикада бірлік пен келісімді қамтамасыз ету үшін маңыздылығын атай отырып, мерейтойларды орталық және өңірлік деңгейде тиянақты ұйымдастыру қажеттігіне айтты.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5308