Олар "география мен биографияға" бөліп "ақсақал" болып отыр...
"Шалдар мен балдар"...проблемасы мәңгілік тақырып. Ол сонау Қожанасырдың заманында да өте өзекті болыпты...
Қалтай ағамыздан қалған тәмсіл...Балдар айтыпты: "Шалдардан қалай құтыламыз" деп, сонда Қожанасыр: "Шалдарды кішкентай кезінде өлтіріп тастау керек" депті...
Бізде де қазір шалдар көп...Билікке өтімді. Бірақ аузында дуа емес, фитна ғана бар. Олар үшін "Біздің елдің жігіттері" деген тіркестің мазмұнында тек өзінің шыққан "жүзі мен руы, атасы мен ауылы" ғана бар...
Міне осындай шалдар кез келген киіз туырлықты қазақты "география мен биографияға" бөліп "ақсақал" болып отыр...Қазақтың киелі даласында бүгін киелі адамдар тұрмайтын болған ау сірә...Шшшш...
PS: Оңтүстіктен қайтқан сапардан соңғы ой.
Досай Кенжетай
Facebook-тегі парақшасынан