Жұма, 22 Қараша 2024
46 - сөз 4671 3 пікір 3 Сәуір, 2017 сағат 02:02

Мемлекетті құлату үшін қоғамды аздырсаң болғаны

Мемлекетті құлату, ұлтты құрту үшін қоғамды аздырсаң болғаны. Бүгін осы жоспар күллі әлем бойынша жүзеге асуда.

Ең бірінші болып қазақ қоғамына отарлаушылар ішімдікті әкелді. Оған дейін қымыз ішіп өскен көшпенді ұрпағы арақтың кесірінен намыссыз, жігерсіз, дінсізге айнала бастады. Арақтың артынан темекі деген бәле келді. Оны да отарлаушылар санаға сіңірді, сөйтіп денсаулық та кете бастады. Тіпті Кеңестік кезеңде жігіттік пен еркектік арақ ішіп, шылым шегумен өлшенетін еді. Осылармен қоса нашақорлық пен жезөкшелік келді. Бірі барын беріп, дәрі алатын бейшараға айналдырса, екіншісі тәнін сатып, күн кешетін күнәһардың жолын ашты. Сан ғасырлар бойы тәнін сатпақ түгІлі ақ білегін көрсетуден арланатын кей қазақ қызы "түнгі көбелекке" айналып шыға келді.

Аталмыш ұлтты құрту жоспарының ішіне суицидке итермелейтін технологиялар қосыла бастады. Енді олар бұл өмірден құтыл деп үгіттеуде, сөйтіп "Алланың адамға берген үлкен аманаты - жан" деген сөзді санамыздан өшіргісі келеді.Бірақ ұлтты құртушылар "ұлтты құрту үшін оның көбеймеуіне жағдай жасаса жеткілікті" дегенді түсінді. Сөйтіп қазақ қоғамына жаппай ЛГБТ-ны насихаттамақшы, сосын енгізбекші. Алдымен шешіндіріп, бір сынады. Артынша азғындалғандар ашық сұхбат бере бастады. Енді түрлі жалған статистика көрсетіп жатыр. Астары бір - Алашты арсыздандыру. Арсызданған қоғам соғыссыз құриды. Бірде бір соғыста жеңіліп көрмеген Тайландқа қараңызшы, арсыздану салдарынан іріген елге айналды. Менің ойымша біздің билікке аталмыш мәселені реттеп, заңмен тыйым салу керек. Сонда ғана әлем көкбөрінің ұрпағынан ұлы державалар ешқашан көгілдірлерді жасай алмайтынына көздері жетеді.

Асхат Қасенғали

Facebook-тегі парақшасынан

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5320