Көрсоқыр
Сиви деген қыз Ренат деген жігіттің қымбат көлігінің терезесін шаққан видео әлеуметтік желіде кеңінен таралды. Бәрі жасанды, бәрі өтірік екені көрініп тұр. Сондағылары даурықпа жұртты даурықтыру арқылы «Соқыр махаббат» деген фильмсымақтарының дақпыртын асыру, сол арқылы көрермен тарту.
Теңіздің дәмі тамшыдан дейді. Осы видео арқылы олардың фильмсымақтарының қай деңгейде екенін жобалауға болатын сияқты. Дарынсыз режиссердің талантсыз актерлермен түсірген, түкке тұрмайтын сюжетке құрылған «боқ».
«Соқыр махаббат». Кино түсіруге, киноға түсуге деген соқыр махаббат... Өздеріне деген соқыр махаббат. Соның нәтижесінде халықты соқыр, надан санау.
Көзі ашық, көкірегі ояу адамдардың барлығы бұл дүбәраның санасында сәулесі жоқ соқырларға арналған дүние екенін түсінді. Ақша мен байлық көзіңе шел бітірсе, соқыр болмай қайтесің?
Соқыр болсаңыз, мархаббат... Барыңыз, көріңіз.
Алмандардың ақсүйектерге арнап шығарған қайран Мерседесін, соның әйнегін аяп кеттім. ...ларға қор болған қайран Мерседес.
Бейбіт Сарыбай
Facebook-тегі парақшасынан