Жексенбі, 29 Қыркүйек 2024
46 - сөз 4237 2 пікір 9 Сәуір, 2017 сағат 22:56

Олар реформа жасаса, қазақтың жанын алып қоюы мүмкін

Қазақтың тілін білу бір бақыт! Себебі қазақ тілін білсең айтысты түсінесің. Айтысты түсінсең қазақтың көкірегіндегі шырылды ұғасың.

Қазақ тілін білсең күмбірлеген күйді түсінесің. Күйді түсінсең қазақтың жанын ұғасың.

Қазақтың тілін білсең дүбірлеген домбыраға, күңіреңген қобызға ұйыйсың. Домбыра мен қобызды тыңдасаң, даланың үнін ұғасың, әлемнің сырын ұғасың.

Қазақтың тілі мен ұлт аспаптары табиғатпен, даламен үндес. Оны түсінбейтіндер тұншықтырады.

Айтысты тыңдамайтындар, домбыра мен қобыздың үніне елтімейтіндер тілге қатысты реформа жасауға қақы жоқ.

Реформа жасаса, қазақтың жанын алып қоюы мүмкін.

Айбар Абайұлы

Facebook-тегі парақшасынан

2 пікір