Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 3925 4 пікір 9 Сәуір, 2017 сағат 23:24

Ұйықтайтын депутаттарды кеше түсіндім

Жиналыста ұйықтайтындарды кеше түсіндім. «Совещанияның» біріне біздер де барғанбыз.

Регламент бойынша бес минут сөйлеуі тиістілердің бәрі де оннан озып барып тоқтады. Сөздері... Не мән жоқ, не дәм жоқ. Сосын... Мүлгіген тыныштық орнайды екен.

Елге еріп, еріксіз мүлгіп кетесің. Қасыңдағыларың да қалғып-шұлғып отырады. Қайта аллергиясы барларға рахмет. Солар түшкіріп, жөтеліп, көзіңді бір сығырайтады. Артынша жөніңе кетесің. Табан асты сарап жүргіздік. Сөйлеушіде харизма болмаса немесе көтергені мылжың тақырып болса тыңдауға құлшынғандар да қорылыз, зілсіз қалғуға кіріседі екен.

Әй, фототілшілер мен камера көтергендер! Өзгелерді тарта беріңдер, таспаларыңа. Бізді түсіргенде біредеңе шыға ма, а?

Амангелді Сейітхан

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1471
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5420