Сенбі, 23 Қараша 2024
Дін 4073 5 пікір 13 Сәуір, 2017 сағат 10:30

Мені молдалардың берген пәтуасы үрейлендіріп жүр

«Бір мұсылманды өлтірген адам, күллі мұсылманды өлтірген адам, күллі мұсылманды өлтіргенмен бірдей» деген аят «ол – мұсылман, күллі рухтарды намазға тұрғызатын еді» деген сөз.

Соңғы кезде БАҚ беттерінде ғылым мен озық тәжребиенің дамуына орай адам ағзасын ауыстыруға байланысты әңгіме көбірек өріс алып кетті. Түймедейді түйедей етіп көрсетіп, екі қолымен адал жұмыс істеп нан табу орнына ағзасын сатып күн көретіндерді қаһарман етіп  дәріптеушілер шықты.  «Доныр болу – ізгі іс» деп діни пәтуа  берушілер де шықты.  Бұл – осы жұмысты кәсіпке айналдыра бастаған дәрігерлер мен соны бүгінгі таңда өзі бекіткен заңдарымен мақұлдап отырған үкімет үшін қажет те шаруа шығар, қашан да оқшау оқиға іздейтін кейбір жеңіл баспасөздерге таптырмас тақырып та болуы мүмкін. Дін – біздің біліміміз де, ғылымымыз да, озық тәжірибеміз де Құрансыз дамыса – ол ғылымға да, білімге де жатпайтынын айтады.

Мені, осылардан да бұрын мешіт имамдары болып жүрген сауатсыз молдалардың БАҚ-тардың өтініші бойынша  берген пәтуалары үрейлендіріп жүр. Адам ағзасы – Алланың адамға берген аманаты. Дін – аманатқа қиянат жасағанды еш уақытта мақұлдамайды. Оның жазасы ауыр. Ахиретте сенің сол Алладан берілген аманат-ағза мүшелерің Жаратушыңның алдында  алдымен өзіңе куәлік ететіні Құранда жазылған. Адамның топырақтан жаралған денесі жойылмайды, ыдырайды, ахиретте қалпына келеді. Адамның өлгені –сөйлемнің арасындағы үтір сияқты тыныс алуы, келесі Жаннаттағы мәңгілік өмірге бет бұруы. Молда осыны айтуы керек қой. Ал жалған пәтуашыл мына имамдар туралы  Құранның мына аяты жауап айтады. «Олардың ішінде Кітапты білмейтін надандары да бар. Олар тек басшылардың айтқанын істеп, бос қиялмен күпірлікте ғана жүреді». («Бақара» сүресі,78 аят). Құранды ұқпай пәтуа айту қашан да дінге өз зиянын тигізеді.

Сауаты таяз осы молдалардың көсемсіп пәтуа айтуы мені осы ескертуді жазуға итермелдеп отыр. Олар БАҚ-тағы мақалаларында бірінен бірі көшіріп алғандай; «Құран Кәрімнің «Мәйда сүресінің 32 аятында «Кімде кім адамды өлімнен құтқарса, барлық адамдарды тірілткенмен тең» деп адамдарға өмір сыйлаудың сауабы көп екендігін өсиет еткен» дейді де өз пәтуасын айтып, ағза ауыстырушыларды мақұлдап шыға келеді. Осы дұрыс па?..

Бұған имани жауап беру үшін  имамдар мысал еткен «Майда» сүресінің келтірілген аятын алдымен түгел оқылық. «Осының салдарынан Исрайл ұрпақтарына; «Бұрын адам өлтірмеген немесе жер бетінде бұзақылық жасамаған адамды өлтірген кісінің күнәсі барлық адам баласын өлтіргенмен тең болады. Кім оны тірілтсе немесе өлімнен құтқарса, барлық адамды тірілткенмен тең болады» деп үкім шығардық. Расында оларға елшілеріміз дәлелдерімен келді. Бірақ содан кейін де олардың көпшілігі жер бетінде шектен шығушылардан болды. Осында ағза беру, не ауыстыру туралы бір ауыз сөз бар ма?  Мұнда ағза ауыстыру туралы емес, намазхан мен намаз туралы дін үкімі айтылып тұрғанын молдалардың өздері ұғып отыр ма? Сонда молдалардың осы жаңсақ пәтуасына кім тоқтау айтады?

Әрине, болса ғұламалар айтуы керек. Ғұламалар деген кім? Ғұламалар – Алланың бар екендігін әбден мұғжизалар мен дәлелдер арқылы терең ұғынып, соған ойын жүгіртіп, сол жолда жүруімен, Алланың бар екенін дәледеген жандар. Ғұламалар – әулиелер!

Мұндай ғұламалар әзірге біздің елімізде, тіпті республика мұсылмандары діни басқарма жанында құрылған Ғұламалар алқасы құрамында да байқалмайды. Бар болса осы бір  жаңсақ пәтуа айтушыларға тоқтау салар уақыт болды ғой. Жоқ болған соң – үнсіз.

Бақтыбай Айнабеков

Abai.kz

 

 

5 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5387