Сенбі, 23 Қараша 2024
Әне, көрдің бе? 5095 3 пікір 14 Сәуір, 2017 сағат 12:25

Бес миллион адам банкке қарыз

Қазақстанда еңбекке жарамды, экономикалық белсенді тұрғындардың саны 8,5 миллион адам шамасында. Ал олардың тең жарымынан көбі, яғни 5 миллион адам екінші деңгейлі банктерге қарыз. Бұл туралы «Қазақстан» арнасындағы «Мәселе» бағдарламасында айтылды, деп жазады "Qasym.kz".

Бір өкініштісі, қазақстандықтар несиені мақсатсыз жұмсайды екен. Яғни, жалпы сомасы 1 триллионнан асып жығылатын қарыздың 85 пайызы мақсатсыз жұмсалған. Яғни, адамдар несиені өмірлік қажеттіліктер үшін емес, қымбат көлік, той-думан мен өлім-жітім, тұрмыстық техника, бағалы тондар тәрізді дүниелерді сатып алуға жұмсаған. Ал сол несиесі бар 5 миллион адамның 1 миллион 200 мыңы бүгінде қарызын қайтара алмай жүр.

Abai.kz

 

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1467
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5387