Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2231 0 пікір 16 Қазан, 2010 сағат 13:49

Қасқабас Қазақ. Қазақ балалары өзіне неге қол жұмсады?

Қазақстанға сексенінші-тоқсаныншы жылдардағы «банды-банды» болып бөлініп, ауыл мен ауыл, аула мен аула төбелесетін, ұры-қарының «общагына» мектеп болып ақша жинайтын заман қайта оралғандай. Осының кесірінен ағымдағы қазан айының басынан бері Алматы облысы Талғар ауданы Тұздыбастау ауылында тұрған тоғызыншы сыныпта оқитын Сержан Тұрысбеков пен Абай Исабеков замандастарының қысымы мен қорлығына шыдамай, өздеріне өзі қол жұмсады. Артында зар жылап, аспаны жерге құлаған туған-туыстары, ауылдастары екі қазақ баласын соңғы жолына шығарып салды.

Сержан да, Абай да ауылдық нөмірі 31 орта мектептің тоғызыншы сынып оқушылары. Екеуі де өздерінен бір жас үлкен оныншы сынып оқушыларынан көрмегенді көріп, осындай сорақы тәсілмен өмірімен есеп айырысты. Сержан 1 қазан күні, Абай 14  қазан күні дүниеден өтті. Тұздыбастаулықтардың айтуына қарағанда, дәл осы ауылда бірер күн бұрын тағы бір қызбала асылып өле жаздапты. Абырой болғанда, туыстары дер кезінде араласып, жас қызды аман алып қалыпты.

Жау жоқ, ел тынышта бір ауылдың бірдей үш баласы өзіне өзі қол жұмсайтындай не болды? Мұғалімдер мен полиция қызметкерлерінің сөзіне сенсек, негізгі себеп - жасөспірімдердің арасындағы бандиттік сана мен рэкеттің дамуы.

Мысалы, Абайдың туған ағасы Ұлан: «Сол күні шешем бірнеше рет інің жоғалып кетті деп звандады. Менде бөтен ой жоқ, бәлкім достарымен жүрген болар дедім. Артынан тағы бір бауырым шардаққа шықса, Абай асылып тұр екен. Біз бірден «жедел жәрдем» шақырдық, полицияны Талғардан өзіміз ертіп келдік. Барлығымыз полицияға берген түсінігімізде: балаларды баяғыдан бері жоғары сынып оқушылары «грузить» етіп жүр, олардан ақша талап етіп, бермегендерін аймай соққыға жығады деп жаздық. Ол туралы барлығы да хабардар. Мектеп директоры да біледі. Жап-жас балалар өзіне өзі қиянат жасаған жағдайлар бұрын да болған» дейді.

Тұздыбастау ауылының тұрғындары ауыл мектебінде рэкеттің кең тарағанын айтып отыр. Және дә бұл қылмыстық жүйеге барлық сынып оқушыларының қатысы бар екен. «Старшактармен» дұрыс амандаспасаң - бес мың теңге, қарсы келсең - он мың теңге «айып» салынады-мыс. Уақытында төлемесең «счетчикке» отырғызып, қудалаудың көкесін көрсетеді. Оныншы сыныптар тоғызыншы сыныптағыларға тиіссе, олар өз кезегінде сегізінші, тіпті жетінші сынып оқушыларына тізесін батыратын көрінеді. Жиналған қаражат сол аймаққа «крыша» болып жүргендердің қалтасына, яғни «общакка» кететін көрінеді. Жергілікті «авторитеттер», тек мектеп оқушыларынан түскен қаржыға шетелдің мәшінесін сатып алғанын мақтан тұтып айтатын көрінеді-мыс.

Әрине, дәл бүгінгі заманда ілініп-салынып, күнін әрең көріп жүрген ата-аналардың ұры-қарының «общагына» жинап берер ақшасы да жоқ. Күнде қорлық көріп, тепкіге жығылған бала не істемек? Одан да бетер қиындыққа душар боламын ба деп қорыққан балалар әке-шешесіне де, мектептегі мұғалімдеріне де ештеңе дей алмайды. Бір қызығы, ауыл тұрғындары балалардың арасындағы криминалдық жүйе туралы жергілікті полиция да, мектеп басшылығы да білетін көрінеді. Алайда баяғыда мүлдем жоғалып кеткен қылмыстық үрдіске тосқауыл қояр түрі жоқ.

Осыған байланысты Алматы облысының әкімі Серік Үмбетовті, жаңадан сайланған Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұловты Тұздыбастау ауылындағы жағдайды мұқият зерттеп, мектеп пен криминал арасын алыстататын батыл да шұғыл шараларды атқаруға үндейміз! Әрине, бұл шаралар Сержан мен Абайды тірілте алмайды, бірақ болашақта осындай тосын оқиғалардың қайталанбауына сеп болар деп сенеміз.

Қалыптасқан жағдайда, аудандық және жергілікті полиция мен білім беру саласының басшылары өзінің азаматтық, адами позициясын танытып, өз еркімен орындарынан кеткені жөн деп есептейміз.

«Абай-ақпарат»

Суреттер «Время» газетінің сайтынан алынды

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5505