Бүгін пасха деген соң...
Бір шалдың келіні орысша тəрбиемен өскен тікбақай біреу екен. Бір күні əлгі шалдың сақалын көріп:
- Ой, деда! Зачем вам такие борода? - деп сақалын қиып алып əк шөткі істеп, үйін əктеп тастапты. Бір күні балағына сүрініп жүрген атасын көріп:
- Ой, зачем вам брюки. Лучше шортиком ходите - деп балағын қырқып, еден жуатын тірəпкі қылып, еденін жуып тастапты.
Бір күні түскі ас жақындағанда шал жоқ дейді. Бəрі іздеп таппапты. Бəрі күдерін үзіп қойған кезде, немересі ойыншығын іздеп кереуеттің астына үңілсе, атасы астында жатыр дейді. Немересі аң-таң болып:
- Ата, мұнда не істеп жатырсыз? - десе, əлгі шал:
- Шырағым, бағана келін жұмыртқа қуырам деп жұмыртқа іздеп жүрген еді. "Мені көрген жоқпын" - дей салшы, айналайын - дееепті.
Ты-ты: Бүгін пасха деген соң, фыбыға кірген жоқ едім. Амансыздар ма, еркектер қауымы? Қауіп сейілген шығар, ə?
Ержан Тәліп
Facebook-тегі парақшасынан