Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2734 0 пікір 19 Қазан, 2010 сағат 20:14

108 су қоймасы қараусыз жатыр

Қызылағаштағы қалың елдің қайғылы күндерінен кейін су қоймасы десе, жұрттың жүрегі зу ете қалатын болды. Оның үстіне, осы көктемде Шығыстағы ел де судан әдбен зәрезеп болды. Осы жағдайлар су қоймасы мен суға байланысты үкіметтің жұмысы сын көтермейтінін тіпті, елде су қоймалары бар екенін ұмытып кеткенін айғақтап берді. Қашанда салдармен күресіп жататын біздің үкімет Қызылағаштағы апаттан соң есін жыйды. Сөйтсе, елдегі әрбір бесінші су қоймасы күрделі жөндеуді қажет етеді екен. Бұл дегеніңіз, әбден тозығы жеткен су қоймалары тағы да қауіп төндіріп тұр деген сөз. Жалпы есеппен алғанда, елде 560 су қоймасы болса, соның 66-сы республикалық меншікте, 175 сі коммуналдық меншікте, 211 жекеменшік, 108 су қоймасы қараусыз қалған. Ал, қараусыз қалған су қоймасының іргесіндегі ауылдарды ойласаң, төбе шашың тік тұрады. Құдай-ау, 560 су қоймасына қарауыл бола алмай отырған үкіметтің не білгені бар?!

Қызылағаштағы қайғылы апаттан соң су қоймасы есіне түскен үкімет арнайы мониторинг жасағанда 113 су қоймасы жөндеуді қажет ететін анықтапты. Ал, сот ісінің әлі аяқталмағанына байланысты Қызылағаш су қоймасы әлі күнге дейін мемлекет меншігіне өтпегені былай тұрсын, жөндеу жасалмаған. Ауылшаруашылық министрлігінің су ресурс комитетінің басшысы Анарбек Орман сот ісінің аяқталуын күтіп отырғандарын, іс аяқталысымен бірден іске кірісетіндерін айтыпты. Күні кеше бүкіл елдің көз-жасын көлдеткен Қызылағаштың жарасы жазылмай жатқанда үкіметтің жайбасарлығына не деуге болады?! Әлде үкімет халықтың амандығынан гөрі, бәрінің қағаз жүзінде дұрыс болғанын қалай ма?!

Үкімет демекші, Қырғызстан мен Өзбекстанға су мәселесінде кіріптар болып келе жатқанымыз атамзаманнан аян. Енді ғана Сырдария су қоймасынан Мақтаралға канал салынып жатыр екен. Ол 2011 жылы аяқталатын көрінеді Анарбек Орманның сөзіне сенсек. Ал, Жамбыл облысындағы егістікке су тапшылығын жою үшін жаңа су қоймасын салу мәселесі қолға алынып жатыр. Осының бәріне сенгің келеді.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5527