Дін мен ғылым егіз болмаса...
Дін мен ғылым егіз болмаса, сөздің де сегіз болуына ешкім тосқауыл бола алмайды..
Елбасының "ұлттық код" дегені ол сана болатын. Ұлттық сана... Енді қараңыз, Ұлттың тұғыры мәдениетте жатыр. Яғни, Қазақтың ұлттық коды оның мәдениетінде сақтаулы. Ал мәдениеттің мазмұнында дін мен тіл арқылы өрілген болмыс бар. Сол болмыс қазақтың қалпы, сипаты, паспорты. Елбасы айтып отыр: сол "ұлттық кодты" сақтау керек деп... Бұл әйгілі социологиялық даму теориясындағы "өзгерместен, даму" ұстанымы. Дұрысы осы жол... Ұлт өз уақыты мен кеңістігінде имманентті әрі трансцендентті болмаса, ол жаһанмен үндесе алмайды.
Енді бүгінгі кездесудегі Елбасы сөзі осы діни таным, діни сана, діни тәжірибе мен діни сенім арасындағы үндестікті көздеп отыр. Бұл өте терең ғылыми мәселе. Осы құбылысты бүгінгі министрліктегі чиновниктер ҚМДБ өкілдерінің өзі жете түсінді дегенге көзім жетпей отыр...
Досай Кенжетай
Facebook-тегі парақшасынан