Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 6773 17 пікір 8 Мамыр, 2017 сағат 11:28

Құдайды танымау - қартқа лайық іс пе еді?

Ашынғасын айтамын да. "Кешкі кездесу" жүріп жатыр. Атақты Асанəлі Əшімов - 80 жаста! Ең алдымен журналистпен жеке отырып коняк ішті. "Ұмытпасам 50 жыл бойы арақ ішіп келемін" деп араққа жарнама жасады. Арақты ақылмен ішуге кеңес берді.

Журналистке : - Мына конягің "Асанəлі" емес пе? - деп бір күлдіріп алды. Содан кейін жедел сұрақтарға жауап берді. "Құдайға сенесіз бе?" - деген журналист сауалына: - Бір күш бар, ол анық. Бірақ ана дүниеге барған ешкім жоқ. Меніңше жұмақ деген - осы өмір. Тозақ - тіршілікте көрген қиындығың! Сондықтан құдайға деген көзқарасым ала-құла - деп айды аспанға шығарды атақты актер.

Ата сақалы аузына түскен қарияның "қабір азабы" туралы түк сезінбеуі - мені қатты қынжылтты. Атеистік көзқарастың сүйекке мұншалықты сіңетінін кім білген?! Дүниенің жалған екенін, бір кісі білсе осы кісі білуі керек еді. Əттең. ...
Баяғының оқымаған шалдары - "баратын жері" туралы бөстекі сөйлемей, дайындығын жасап отыратын еді. Арақты татып алмаушы еді. Өлім жайлы жиі əңгімелеп, жастарға ұлағатты ісімен үлгі еді. Бүгінгінің шалдары бір түрлі болып барады. Аллаға сенбейді, көпіріп сөйлейді. Көз алдынан басқа еш нəрсені көрмейді . . Əттең, бір кем дүние!

Нағашыбай Қабылбек

Facebook-тегі парақшасынан

17 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5373