Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 4813 0 пікір 10 Мамыр, 2017 сағат 12:12

Өзбек ел емес пе - озсын...

Неше күннен бері лента өзбек боксшыларының табысын қызғануға толып кетті. Атасына нəлет, өзбек ел емес пе - озсын! Өз елінде не істесе де өзі біледі. Риода, сосын Тəшкенде қазақтан озды екен деп өлеміз бе?

Осыған дейінгі екі Азияда қазақтар 7 жəне 5 алтын алғанда өлмеген өзбек ол. Белгілі бір кезеңде талантты буыны шыққан екен, бейтарап алаңда біздің бəсеке қалай болатынын ойлайық та. Риодан кейін толық жаңарған құраманың қадамына шүкір дейік. 4 финал жаман емес. Бұған дейінгі Азия сынынан Қазспорт 2013 жылғы Иордания турнирін көрсетті. Сол кездегі өзіміздің 7 алтынға осынша əңгіме айтпағансыздар. Ештеңе жоқ, сол 2013-те Алматыда əлем чемпионатын өткізіп, 4 алтын алғанбыз. 2015 жылы сол 4 алтын 2 күміске айналғанын да көзіміз көрді.

Өзбектердің шын мықты екенін Токиода, сосын 2024 жылғы олимпиадада көрейік. Олар құдды 1996 жылғы Атланта олимпиадасынан бері біз сияқты алтынды үзбей алып келе жатқандай шулайсыздар. Бізде жеңіс дəстүрі бар, оларда жоқ. Онда не əңгіме?

Риода 4 өзбекті финалға кім құлағынан сүйреп шыққаны 2016 жылдың қыркүйегінде көрінді ғой. Той соңы не болғанын əлем көрді. Атылған аққайнарлар, шашылған шараптар соңы шаттық болды ма?

Спорт статистиканы сүйеді. Статистика таразысының басы бізге ауып тұра береді. Басқа не керек?

Есей Жеңісұлы

Facebook-тегі парақшасынан

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5407