Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 5278 3 пікір 10 Мамыр, 2017 сағат 12:30

20 жылдан кейін үстімізге жіп киіп алып, бүгінгі күнімізге таң қалатын шығармыз

Жаңа ютубтан 1998 жылғы тойдың видеосын көріп шықтым. Сол кездің адамдары бүгінгілерден өзгеше көрінді. Жеңгейлердің басында орамал, қыздардың үстінде кең көйлек, бəрінің шашы ұзын. Қос бұрым етіп өріп қойған. Жалбыратып жайып жүрген ешқайсысы жоқ.

Жігіттердің үстінде кең костюм шалбар. Вальс билегендерін көрсеңіз. Қызбен жігіттің арасынан пойыз өтеді. Бəрі салмақты. Бір-бірінің бетіне тура қарамайды.

Ал қазіргі тойдағы көріністер ше? Айтуға аузың бармайды. Шашын қызылды-жасылға бояған кейбір жеңгейлер бұттары ашылып, өздері шашылып қалғанша билейді. Кең киімдеріміз (еркегінікі де, əйелінің де) денеге жабысып тұратын тар бірдемеге ойысқан. Бүгінгі вальс билегендердің арасынан тіпті шыбын да ұшып өте алмайтын шығар. Табиғи сұлулығымыз да жұтылып, жасандылыққа кетіп барамыз. Айналдырған 20 жылдың ішінде осыншалықты өзгеріппіз.

Бұлай кете берсек тағы 20 жылдан кейін не боларын елестетуге қорқып отырмын. Тырнағымыз сояудай, бетіміз бес батпан бояу, шашымыз тақырбас, үстімізге жіп киіп алып, бүгінгі күнімізге таң қалып отырмасақ нетті.

Қой олай болмай-ақ қойсын! Артқа қайтайықшы артқа...

Салтанат Абылбекова

Facebook-тегі парақшасынан

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5407