Жұма, 22 Қараша 2024
«Соқыр» Фемида 18471 19 пікір 11 Мамыр, 2017 сағат 11:13

Ахметовтің 32 жастағы ұлының 145 млн. доллары бар

Жуырда Forbes.kz сайты қазақстандық қалталы 50 бизнесменнің тізімін жариялады. Ол тізімде Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтің ұлы Талғат Ахметов бар. Оның байлығын аталмыш басылым 145 млн. долларға бағалаған, - деп хабарлайды Абай-ақпарат.

Даниял Ахметов тәуелсіздік алғалы бері саяси элитаның бел ортасында жүрген айтулы тұлға.  Бір кездері Үкіметтің тізгінін ұстап та көрген. Артынша Қорғаныс министрі болып жүріп, саясаттан бірнеше жылға шеттетілгені ел есінде. Соңғы жылдары қызметке қайтадан ілініп, Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды.

«Осы Ахметовтің ұлы 32 жасында 145 млн. долларды қалай жинап үлгерді?» деген заңды сұрақ туындайды. Талғат Ахметов қазір Павлодар облысындағы бірнеше кәсіпорындарға иелік етеді екен. Олардың ішінде «Казэнергокабель» АҚ, «Глория-фарм» ЖШС, «Павлодар кондитер фабрикасы» және өзге де компаниялар бар. Бұл облыста Даниял Ахметов 2001 жылдары әкім болғаны белгілі. Сарапшылар, Ахметовтер сол кезде біраз «майлы жілікке» ие болып қалғанын айтады.

Одан бөлек Талғат Ахметов Астанадағы бір компания қожайыны болып отыр һәм Шығыс Қазақстан облысы мәслихатының депутаты.

Елу бай кәсіпкердің ішінде біздің көңілімізді өзіне аударған екінші адам Қайрат Сатыбалды. Елбасымыздың немере інісінің Alatau Capital Invest (ACI) компаниясы «Қазақтелекомның» 3,4 пайыз акциясына (5,8 млрд. теңгеге бағаланған) иелік етеді екен. Қайрат Сатыбалды, сондай-ақ Kaspi Bank-тың 29,12 пайыз акциясын уысында ұстап отырған көрінеді.  Мұның сыртында «Амир LTD», «Дүние-Агро», «Корпорация Дүние», «Дүние-Кузет» және «Колеса» ЖШС атты компаниялары бар.

Қош! "Байдың асын байқұс қызғаныпты" дегендей болмайық. бірақ бұл фактілер елдің саяси элитаға деген көзқарасына селкеу түсіретінін ғана ескерте кеткіміз келеді.

Шәріпхан Қайсар

Abai.kz

19 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5313