Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 4019 2 пікір 12 Мамыр, 2017 сағат 11:52

Біздің үкімет жемқорлыққа қарсы күресіп жатыр ма?

Біздің үкімет жемқорлыққа қарсы күресіп жатыр ма? Әлде xалықтан алаңсыз жеу үшін, қарсы пікір айта алатын бақталас білікті күштерді жою үшін күресіп жатыр ма?

Аудан әкімшілігі ток бағаналарын орнатып гэнаратрларын іске қосып АРЭХ тың ток беріуін күткеліде жарты жылдан асты. АРЭХ түрлі сылтаумен кейінге шегеріп келеді. Жалғыз себеп, жеке пермалар арқылы жинаған ток құны 26т оның сыртында әр семядан ток құнынан сырт 10000т ақша алады.

Қояндыдағы 6000 от басының әр бірінен айына 10 мың теңгеден жинау АРЭХ тың қалтасын қампитып отыр. Егер әкімшіліктің бағанасына ток берсе жаңағы көп ақшаны ала алмайды. Бұған аудан әкімініңде барлық мекемелердіңде тісі батпай келеді. Ең сорақысы көп ақша алатын жемтіктес жеке пермалардың ток сымдары жерде жатыр. Жауынды күндері балаларды мектепке жіберуден қорқасың.

Міне осының бәрі сыбайлас жемқорлықтың көкесі, заңды ,тәртіпті, тіпті адам өмірін ойыншық етіп отырған АРЭХ-тың сүйеніші Президент әкімшілігінде деген қауесет тарап кетті. Оны таратып жүргендерде қалтасына сенген ток беретін жеке перма қожайындары - үкіметке АРЭХ ток мүлде бермейді, оған бәс тігемін! Онан да 250 мың теңгеңді төлеп бізден қос та айына 10 мың тапсырып ток ақыңды төле, онан басқа сендерге жол жоқ деп алшаңдап жүр.

Бұны асқынған сыбайлас жемқорлық деуден басқа не дейміз? Сонда біздің үкіметтің жемқорлықпен күресі қайда қалды?

Гүлісхан Домалайқызы

Facebook-тегі парақшасынан

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5434