Дүйсенбі, 14 Қыркүйек 2026
46 - сөз 4822 1 пікір 18 Мамыр, 2017 сағат 09:54

Қаламызда тіл тазалығын қадағалайтын органдар не қарап отыр?

Бүгін "Меломан" дүкенінен кітап алуға барған едім. Аралап жүріп, көзім төменгі аудармаға түсті. "Современная" дегенді "замандас" деп қойыпты.

Әрине қазақ тілінде сөз мағынасы жанындағы сөзге байланысты өзгеруі мүмкін. Дәл мына жағдайда "современная" сөзі "замандас" емес, "заманауи" деп аударылғаны дұрыс секілді. Замандас деген адамға айтылады ғой. Сондықтан дүкен қызметкерлеріне аталмыш қателікті түзеп, жөндеуін сұрадым. Ауыстырамыз дегендей болды.

Жалпы қаламызда тіл тазалығын қадағалайтын органдар не қарап отыр?! Көшенің кез келген бұрышынан қате тауып алуға болады. Өкініштісі, қайғылысы қазақ тіліндегі. Осы мәселені дұрыстап қолға алу керек сияқты.

Асхат Хасенғали

Facebook-тегі парақшасынан

1 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1174
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2699
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 822
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 792