Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 4818 0 пікір 22 Мамыр, 2017 сағат 09:19

Бөлтірігін талаған бөрідей білім министрлігі балалардың соры болып тынды...

Басқасы басқа, биыл мектеп бітіретін түлектерге қиын болды, бəрінен. "Апай, келіп кетіңізші" деп шулап, жылай берген соң кеше барып, бір-екі сағат қастарында болып кеттім.

Жасып қалған балалар.Сұрақ көп, белгісіздік пен шарасыздық билеп алған. Жаутаңдап, маған əкеліп оғаш мəтіндердің бірінен соң бірін алдыма тосады. Араша сұрағандай , айтарымызды жеткізіңізші тым болмаса дегендей бір кейіп.

Шынында да сылдыр тақырыптар мен бұлдыр жауаптар басты айналдырады. ҰБТ-ға берілетін үш жарым сағат түгел бəрін оқып, талдап, "ішек-қарынын аршып" отыру үшін кететін болар. Оның үстіне дұрыс жауаптары (ключтері) да шикі.

"Қызықтың" көкесі ҰБТ-да болатын сияқты... Балаларыңызға абай болыңыздар, ата-аналар...

Шəкірттер "ең болмаса берілетін уақытты көбейтсе екен..." деп зарығып отыр. Жауынға соғылған торғайдай бүріскен түрлерін көріп жүрегім ауырды.

Бөлтірігін талаған бөрідей білім министрлігі балалардың соры болып тынды, ақыры міне.

Дариға Ғазезқызы

Facebook-тегі парақшасынан

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5435