Дүйсенбі, 14 Қыркүйек 2026
46 - сөз 7129 0 пікір 22 Мамыр, 2017 сағат 09:36

Келін ұйықтап жатыр...

Бұрын бір апамыздың немересі үйленген ғой. Ораза айы келіпті. Келін күніге ерте тұрып, апамызға сəресін берін, дəрет суын дайындап жүреді екен.

Бір күні обалы не керек, келін ұйықтап қалады. Атып тұрып терезеге қараса күн шығып кетіпті. Ойбуу енді не істеймін деп уайымдап ас үйге барса, дастархан тап-таза. Апасы сəресіге оянбаған екен. Келін апамның қарны ашып қалатын болды деп уайымдап, дереу терезелерді қара матамен жауып, үйге күн сəулесін түсірмей апасын оятып сəресі беріпті. Қандай иə?!

Бұл енді бұрынғы оқиға. Апасынан (енесінен) қорқатын, сыйлайтын, құрметтейтін келіндер ол кезде көп еді ғой. Енесін анасынан артық құрметтейтін жеңешелерді де көріп өстік. Солар ешкімнен кем болмады. Қазір бір əулеттің ұйытқысы болып отыр.

Əлгі келіннің əрекетін ақтап тұрғам жоқ, апасына деген құрметі ғой. Қазір де жақсы келіндер бар, бірақ көп емес. Кейде қонаққа барсаң, əлгі жеңешелерім келін ұйықтап жатыр деп өзі шəй дайындап жүргенін көргенде біртүрлі ұялып кетемін...

Берік Сұлтан

Facebook-тегі парақшасынан

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1157
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2683
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 800
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 774