Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3693 0 пікір 31 Қазан, 2010 сағат 19:17

ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ БЕРЕРІ МОЛ

Кеңес үкіметі тұсында салынған көпқабатты тұрғын үйлерде энергия үнемдеудің тиімді жолдары қандай? О баста ешқандай үнемге құрылмаған жүйелерді бүгінгі нарық талабына сай жаңғыртудың қандай мүмкіндіктері бар? Осындай мәселелер кеше «Қазақ тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту орталығы» АҚ өкілдерінің жергілікті құзырлы мекеме басшылары мен пәтер иелері кооперативтерінің төрағаларына арнап  өткізген семинарда көтерілді.

Кеңес үкіметі тұсында салынған көпқабатты тұрғын үйлерде энергия үнемдеудің тиімді жолдары қандай? О баста ешқандай үнемге құрылмаған жүйелерді бүгінгі нарық талабына сай жаңғыртудың қандай мүмкіндіктері бар? Осындай мәселелер кеше «Қазақ тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту орталығы» АҚ өкілдерінің жергілікті құзырлы мекеме басшылары мен пәтер иелері кооперативтерінің төрағаларына арнап  өткізген семинарда көтерілді.

Акционерлік қоғам төрағасының орынбасары Ерболат Бөксекбаевтың айтуынша, бүгінгі таңда елімізде кешегі кеңес өкіметінен мұра боп қалған тұрғын үйлер көп. Көпқабатты баспаналардың 40 пайызы қазірде күрделі жөндеуді талап етеді. Егер шара қолданылмаса, тозған үйлерден жоғалатын энергия мөлшері жылдан-жылға ұлғая береді. Одан басқа, еліміздегі су құбырының 71 пайызы, канализация жолдарының 68 пайызы, жылу құбырының 65 пайызы ескірген деп есептеледі. Мұның бәрі станциялардан босатылған энергиялардың едәуір көлемі тұтынушыларға жетпей қалуына әсер етеді. Шындығы сол, бүгінгі таңда қаладағы жылу магистральдерінің біршама бөліктері «жалаңаштанып» қалған. Сараптама нәтижелерінде Қарағанды жылу кәсіпорны 41 пайызға дейін жылу қуатын орта жолда жоғалтатыны анықталған. Өндірісіне қаншама шикізат жұмсалған жылу қуаты ауаны ғана жылытады. Жыл сайын миллиондаған гикокалорий энергия ауаға сіңіп кетіп жатса, ол шығынды тариф бойынша есептеп көрсеңіз қаншама қаржының көкке ұшып жатқанын аңғарасыз.

«Қазақ тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту орталығы» АҚ-ы мамандары қалыптасқан мәселелерді шешудің жолдарын іздестіруде. Ең алдымен есеп керек. Одан кейін жылу қуатының автоматтандырылған пунктін орнатқан жөн. Бұл температураны реттеуге мүмкіндік береді. Қазір электр энергиясын үнемдеу мақсатында құрамында сынап бар қытайлық шамдар қолданылатын болған. Алайда бұл арзан шамды орнату адам денсаулығына қауіпті. Сондықтан әсіресе балабақшалар мен мектептерде ондай шамдар орнатпаған дұрыс. Оның орнына қымбат та болса қауіпсіз деп есептелетін басқа энергия үнемдейтін құралдар қолдану қажет.

Тағы бір мәселе, көпқабатты тұрғын үйлер мен құбырларға термомодернизация жасау.  Қазірде баспаналардың сыртын қаптауға көп шығындану керек. Мамандар арнайы бояу тәрізді материалды үйлердің сырты мен құбырларды сырлаған әлдеқайда тиімді деп кеңес береді. Нанотехнологияның ерекшелігі сол, бір миллиметр қалыңдықта жағылған сыр 50-60 миллиметр болатын минералдық қаптама мақтадан кем түспейді. Яғни, жылу сақтағыш қабілеті мол. «Корунд» деп аталатын өнім ресейлік технология бойынша Өскеменде өндіріледі. Үйдің сыртын осы бояумен сырлайтын болса, біріншіден оның жылу үнемдеу мүмкіндігі артады, екіншіден, сыртқы келбеті көз тартады. Құбырларға жағатын болса, он бес жыл бойы тозудан да сақтайды.

Семинар барысында мамандар кез-келген істе ең алдымен есептеу қажет екенін алға тартты. Елімізде әйтеуір жылу пункттерін орнату керек деп, бірнеше мектептің жеткілікті жылу қуатынсыз қалып, оның соңы үлкен дауға ұласқаны тәжірибеден белгілі. Бірақ бүгін елімізде энергия үнемдеу шараларына белсенді кіріскен жөн. 1990 жылы Польша елінде салынуға тиіс 8 гидро-электр станциясының құрылысы тоқтатылған. Себебі үнемдеудің нәтижесінде қосымша энергия өндіруші станцияларды салудың қажеттілігі байқалмаған. Термомодернизацияның тиімділігінің арқасында қазірде бұл елде 15 пайыз энергия қоры бар көрінеді.

Еуропалық тәжірибелерге көбірек арқа сүйейтін «Қазақ тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту орталығы» АҚ өкілдері елімізде әлі де энергия үнемдеуге бастайтын нормативтік-құқықтық құжаттардың да жетіспейтінін айтады. Болашақта бұл олқылықтардың орнын толтыру көзделуде. Семинар соңында қатысушылардың қойған сұрақтарына тыңғылықты жауаптар берілді.

Нұрбол ЖАЙЫҚБАЕВ.

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5318