Дүйсенбі, 23 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 7295 0 пікір 31 Мамыр, 2017 сағат 13:43

Елбасы «АЛЖИР» музейінде болып, саяси-қуғын сүргін құрбандарына тағзым етті

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ақмола облысы Ақмол ауылында орналасқан «АЛЖИР» музейінде болып, саяси-қуғын сүргін құрбандарына тағзым етті, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

«31 мамырда біз саяси-қуғын сүргін құрбандарын еске аламыз. Репрессия барлық КСРО аумағында өтті. Қазақстанға келетін болсақ, мұнда 103 мың адам сотталып, 25 мыңы атылды. Қазақ зиялыларының қаймағы, ел басшылары түп-тамырымен жойылды. Олар барша Қазақстан бойынша салынған 11 лагерьдің қабырғасында ауыр азаптардан көз жұмды. Онда миллионнан астам адам тұтқында болды. КСРО аумағынан 1,5 миллионнан астам адам Солтүстік Кавказдан, Кореядан, Балтық елдерінен, Украинадан, Ресейден Қазақстанға жер аударылды. Осылайша, біз көпұлтты елге айналдық. Олардың барлығына Қазақстан туған үйге айналды, қазақтар құшақ жая қарсы алды. Содан бері басымыз бірлікте, татулықта қосылған бір xалыққа айналдық. Сондықтан бұл оқиғаны xалқымыз әрдайым жадында ұстауы тиіс», - деді Президент.   Айта кетейік, 1997 жылдан бері жыл сайын 31 мамыр Қазақстанда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен бекітілген Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні аталып келеді.

Абай-ақпарат

 

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1970