Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3096 0 пікір 1 Қараша, 2010 сағат 10:35

«ҚАЗАҚТЕЛЕКОМ» АУЫЛҒА «АУЫЗ САЛА» БАСТАДЫ

Павлодар облысында әрбір 100 тұрғынға шаққанда 31 телефон нүктесі бар екен. Телефон тығыздығының бұл көрсеткіші бойынша Павлодар облысы республикада Алматы қаласынан кейін екінші орынға тұрақтап отыр. Бұл туралы «Қазақтелеком» АҚ филиалы - Павлодар облыстық телекоммуникациялар дирекциясының бас директоры Асхат Күзеков мырза БАҚ өкілдерімен өткізілген баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Павлодар облысында әрбір 100 тұрғынға шаққанда 31 телефон нүктесі бар екен. Телефон тығыздығының бұл көрсеткіші бойынша Павлодар облысы республикада Алматы қаласынан кейін екінші орынға тұрақтап отыр. Бұл туралы «Қазақтелеком» АҚ филиалы - Павлодар облыстық телекоммуникациялар дирекциясының бас директоры Асхат Күзеков мырза БАҚ өкілдерімен өткізілген баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
- Біздің басты мақсатымыз - сапалы әрі үздіксіз байланыс қызметін ұсына отырып, тұрғындардың сенімінен шығу, қай уақытта болмасын тұтынушыларымызға қолайлылық тудыру. Құрылымымыз осы мақсаттың үдесінен толықтай шыға алып отыр. Соңғы он жылда «Қазақтелеком» компаниясы өз қызметін барынша жақсарту, халықаралық деңгейге жеткізу бағытында орасан зор жұмыстарды атқарды. Қызмет сапасын арттыру мәселесіне ерекше маңыз берді. Нәтижесі ауыз толтырып айтарлықтай. Бұл ретте жоспарланған барлық жұмыстарға, іс-шараларға қаржы да аз бөлініп отырған жоқ. Айта кетерлігі, «Қазақтелеком» АҚ еліміздегі кредиттік ресурс алмайтын, яғни кредиттің көмегіне жүгінбей-ақ, өз дамуын өзі қамтамасыз етіп, кіріс пен шығынды өздігінен ақтап отырған бірден-бір компания болып табылады. Сондықтан да мүмкіндігі мол, төлем қабілеті ойдағыдай саналатын біздің компаниямен әріптестік байланыс жасауға бейілді басқа құрылымдар аз емес. Олардың бәрі де «Қазақтелекомға» қызыға қарайды, өздерінің тарапынан өндіріліп шығарылатын байланысқа қажетті техникалық қондырғыларды, байланысқа қажетті жабдықтарды және басқа да заттарды ұсынуға тырысады, - деп атап көрсетті бас директор өз сөзінде.
Тұтастай еліміз секілді, дағдарыстан қиындықсыз өткен «Қазақтелеком» АҚ қазіргі уақытта өз тұтынушыларына коммуникациялық қызметтің аса ауқымды түрлерін ұсынуды жалғастырып келеді.
Кеңестік одақ ыдырап, еліміз тоқырауды, нарықтық қатынастарға көшуді бастан өткерген кезеңдерде телекоммуникация саласы да талай қиыншылықты кешті. Жұртшылық айлар бойы жалақыларын ала алмай жүрген уақыттарда байланыс құрылымына түсетін төлемдер де қордаланып қалған-тұғын. Тұрғындардың телефон қызметіне берешек қарыздары да тым көлемді болып, жинақталып қалған күрделі жылдар кездесті. Осындайда ойға оралады: «Қазақтелеком» тұрғындардан түсетін төлемдерді ала алмай, дүркін-дүркін баспасөз мәслихатын ұйымдастырып, жұртшылыққа құлаққағыс етуден еш танбаған еді. Сол тұста бір басылым бетінде «Қазақ, Төле, Ком!» деген тақырыппен арнайы мақала да жарыққа шыққанын көзбен көрдік. Міне, қазіргі уақытта мұның бәрі артта қалып, ел экономикасының көрсеткіштері жылдар ағымымен еселей артып, тұрғындардың тұрмысы мен табысы түзелді. Жалақы да уақыты беріледі. Жұртшылық телекоммуникация қызметін пайдаланғаны үшін төленетін төлемдерді де мерзімінде өтеуге ойысты. Нәтижесінде, «Қазақтелеком» өзінің қызметтік мүмкіндіктерін жетілдіруге, жаңаша әрі сапалы қызмет түрлерін ұсынуға бет бұрды.
Бүгінде «Қазақтелеком» АҚ филиалы - Павлодар облыстық телекоммуникация дирекциясы 225 625 негізгі телефон аппараттарына қызмет көрсетеді. Бұл көрсеткіштің 44 157-сі ауылдық жерлерге тиесілі болып табылады. Үстіміздегі жылдың алты айында біздің облыста 5830 бірлік телефон нүктесі жаңадан орнатылыпты. Ал құрылымның жартыжылдықтағы жоспары 3177 нүкте болатын. Жоспарланған көрсеткіш қаншалықты артығымен орандалғанын осыдан бағамдай беріңіз.
Осы күні жұртшылық өз өмірін Ғаламтор - Интернетсіз елестетуден қалып барады. «Қазақтелеком» бұл бағытта да қолайлы әрі сапалы қызмет көрсетуді басшылыққа алған. Интернетке қатынау қызметін алға бастыру бағытында да қарқынды жұмыстар толастаған емес. Соңғы деректерге тіл бітірсек, облыста жалпы саны 51 437-ні құрайтын интернет пайдаланушылардың 41 244-і ADSL технологиясы арқылы кең жолақты ғаламтор желісіне қосылған екен. Бұл да болса, «Қазақтелекомның» көрсетіп отырған қызметі үлкен сұранысқа ие екендігін айғақтайды. Облыстық дирекция алдағы уақыттарда өсім көрсеткіштерін арттыруды, желілерді дамыту мен жаңғыртуды, интернет қызметіне деген тарифтерді төмендетуді жалғастыра бермек.
Жаңартылған деректер бойынша, қазір облыстың телекоммуникация желісінде жалпы саны 290 АТС жұмыс істеп тұр. Олардың 169-ы ауылдық елдімекендерде орын тепкен. Орта білім беру мекемелерін интернет жүйесімен 100 пайыз қамту жұмыстары да жалғасып жатыр.
Дирекцияның бас директоры А.Күзековтің айтуынша, облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес «Қазақтелекомның» филиалы мәдениет басқармасымен бірлесе отырып, ауылдық кітапханаларды телефондандыру жоспарын әзірлепті. Енді мәдениет басқармасы тарапынан қаржыландыру жағы оң шешімін тапса, барлық ауылдық кітапханалар телефонмен қамтамасыз етіледі деп күтіліп отыр.
Облыстағы үш қалада интернетке қосылудың желілері тағы 15 680 портқа арттырылып, қазір 55 838-ді құрап отырса керек. Мұның өзі «Мегалайн» қызметін орнату бойынша қалалардағы кезекті азайтуға мүмкіндік тудыруда.
Тағы бір маңызды бағыт - ауылдық жерлерде CDMA-450 деп аталатын сымсыз телефон желісін қүру жұмыстарының жалғасып жатқандығы. Биылғы жылы 9 базалық станцияда монтаждау жұмыстары атқарылмақшы. Тұрғындар біле жүрсін деген ниетпен оларды да айта кетелік: Екібастұз ауылдық аймағы - Төртқұдық ауылы, Лебяжі ауданы - Аққу селосы, Қашыр ауданы - Федоровка ауылы, Ақтоғай ауданы - Ақтоғай селосы және Жолболды ауылы, Ертіс ауданы - Панфилов және Голубовка ауылдары, Баянауыл ауданы - Ж.Аймауытов ауылы, Железинка ауданы - Уәлиханов ауылы.
Сонымен қатар «Мегалайн» қызметінің сапасын жақсарту мақсатында Солнечный, Майқайың, Қалқаман және Шідерті елдімекендерінде деректерді жөнелту желісінің арналарын арттыру жұмысы жүргізілді.
Маңызды жаңалықтың тағы бірі - Павлодар-Тереңкөл аралығында талшықты-оптикалық желінің құрылысы басталғандығы. Мұның өзі Қашыр, Ертіс және Железинка аудандарының тұрғындарына Интернетке жоғары жылдамдықпен қатынауға мүмкіндік береді.
Оны айтасыз, үстіміздегі жылдың соңғы тоқсанында Успенка, Шарбақты, Лебяжі, Қашыр, Май аудандарының орталықтарында IPTV телеарналар желісін пайдалануға енгізу жоспарланған.
Осылайша, «Қазақтелеком АҚ филиалы - Павлодар облыстық телекоммуникация дирекциясы қалалардағы қызмет түрлерін іске қосуды барынша түгесіп, ендігі жерде ауылдық жерлерге «ауыз сала» бастап отыр. Бұл нені білдіреді? Бұл бағыттағы жұмыстар оңтайлы әрі сәтімен, ең бастысы сапалы жүзеге асатын болса, онда таяу арада ауылдық елдімекендер тұрғындары қалалықтар сияқты бір мезгілде телефонмен сөйлесу, Интернетке қосылу және IPTV телеарналар желісін пайдалану мүмкіндігіне қол жеткізеді.
- «Қазақтелеком АҚ осы жылдың 1 шілдесінен бастап ТМД елдеріне бағытталған халықаралық телефон байланысы тарифтерін айтарлықтай төмендетті. Осылайша, тарифтерді пайдаланушылардың санаттары бойынша мөлшерлер теңестірілді. Барлық бағыттар бойынша халықаралық телефон байланысы қызметтерінің тарифтері өзгертіледі. 2010 жылдың 1 шілдесінен бастап ТМД елдеріне телефон соғу құны қосымша құн салығын қоса есептегенде 25 теңгеден, алыс шетелдерге 45 теңгеден басталатын құнды құрайды. Және де заңды немесе жеке тұлғаларға осы тариф ортақ болып белгіленді. Яғни, жіктеу болмайды, - деді А.Күзеков мырза.
«Қазақтелекомның бұдан да басқа жоспарлары жетерлік. Оның бәрін алдағы уақытта өз тұрмысымызда сезіне жатармыз. Әзірге үйіңізде телефон нүктесі болса, онда қолайлы тарифтерді пайдалана отырып, бір мезетте туысыңызға танысыңызға қоңырау шалып, Интернет ақтарып, жиыны 90 арнаны құрайтын және ұйғарымыңызға қарай бірнеше пакеттерге бөлініп ұсынылатын IPTV телеарналар желісін пайдалану мүмкіндігіңіз бар.
Сәтін салса, мұндай игілікті ауылдық ағайын да пайдаланатын болады.
«Қазақтелеком» АҚ филиалы - Павлодар облыстық телекоммуникациялар дирекциясы республикалық акциялардың да қорытындысын жария етті. «Мегалайн» акциясы бойынша республика бойынша жеңімпаз атанғандардың қатарында павлодарлық Рысқали Тоқсанбаев та бар екен. Оған үй кинотеатры сыйға тартылды. Ал тағы бір павлодарлық отбасы - Шалабаевтар әулеті осындай акция нәтижесінде Жерорта теңізіне, оның жағалауындағы елдерге саяхат жасау жолдамасын ұтып алыпты. Қазіргі уақытта аталмыш отбасы демалыстарын өткізіп келді. Алған әсеріміз орасан зор деп отыр отбасы мүшелері БАҚ өкілдерімен болған кездесуде.
«Қазақтелекомның» қызметін пайдалана отырып, осындай тамаша тартулардан да шет қалмайтыныңызға сеніңіз!

Асыл ӘБІШЕВ.

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3234
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364