Бейсенбі, 29 Ақпан 2024
4307 0 пікір 5 Маусым, 2017 сағат 09:53

Өзбекстан президенті прокурорлар кәсіпкерлерге «Сіз» деп сөйлеуі керек дейді

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев құқық қорғау органдары өкілдерінен, атап айтқанда прокурорлардан жаңадан жұмыс орындарын ашуға себеп болып жатқан кәсіпкерлерді сыйлауды талап етті.

Кәсіпкерлерге қатысты сөзін өзбек президенті Әндіжан облысына барған сапары кезінде айтты.

Шавкат Мирзияев құқық қорғау органдары мен прокурорлардан оларға «Сіз» деп сөйлеуін сұрады. «Мен кәсіпкерге «Сіз» деп сөйлемеген прокурор прокуратурада жұмыс істеуге лайық емес деп есептеймін. Облыс, қала, аудан прокурорлары кәсіпкерлердің барлық проблемаларын тыңдау керек», -деді ол.

Ол сонымен бірге қадағалаушы орган тек қуғын-сүргінге ұшыратпай, кәсіпкерлермен достаса білу керек деп атап өтті.

Әндіжан өлкесінің Бунёдбек есімді кәсіпкері президенттің сөзіне қатысты, құқық қорғау органдарының «Сіз» деп сөйлегенінен бұрын, кедергі келтірмеуі маңызды деді.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Қауырсын

Әлімжан Әшімұлы 1626
Әліпби

Латын жайы

Бижомарт Қапалбек 1703