Жұма, 22 Қараша 2024
Экономика 4530 0 пікір 23 Мамыр, 2017 сағат 11:23

Өмірзақ Шөкеев: 2016 жыл компания үшін жемісті жыл болды

Өткен жыл "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры үшін табысты әрі жемісті жыл болды. Мәселен, акционердің үлесінің шоғырландырылған таза табысы 2016 жылы 455 млрд теңге болған. Бұл туралы «Самұрық-Қазына» басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев мәлімдеді.

Сыртқы экономикалық ортаның ең қолайлы емес шарттарында жұмыс істеуге тура келгеніне қарамастан, өткен жыл компания үшін жемісті болғандығын қор басшысы айтты.

"Қызметтің стратегиялық негізгі көрсеткіштері өсе бастады. Осылайша, 2016 жылдың қорытындысы бойынша акционердің үлесінің шоғырландырылған таза пайдасы 455 млрд теңгені құрап, 2015 жылдың көрсеткішінен 292 млрд теңгеге немесе 1,8 есеге асып түсті. Бұл табыс базасын арттыру және шығындарды жүйелі түрде қысқартуға байланысты", - деп атап өтті ол.

Сондай-ақ, Ө.Шөкеевтің айтуы бойынша, қорың негізгі көрсеткіштері дағдарысқа дейінгі деңгейге қайта оралды.

«Стратегиялық көрсеткіштер – таза активтердің құны – 2015 жылдан бері 7% өсіп, 6,8 трлн теңгеден астамды құрады.  Меншікті капиталдың табыстылығы 2015 жыл қорытындысы бойынша 3,3% көрсеткіштен 2016 жыл қорытындысы бойынша 5,5% -ға жетті», - деп хабарлады қор басшысы.

Ол қордың трансформация процесі жеткілікті дәрежеде жылдам жүргізіліп жатқандығын айтып, сөзін жалғады.

«Барлық компанияларымыз диагностика және дизайн кезеңін аяқтап, іске асыру кезеңіне өтті. Компаниялардың DCF-моделі біздің корпоративтік тіліміз атанып, өзімізден нақты көріністе өсу құнын талап етеміз. Трансформацияда біз үш бағытта келе жатырмыз – олар адамдар, бизнес-процестер және технологиялар. Барлық компоненттерін халықаралық стандарттарға жеткізу керек»,- деп сөзін қорытындылады Шөкеев.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1455
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3218
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5270