Текебаевтың сотына Атамбаевты шақырды...
Бүгін Бішкек қаласында Қырғыз Республикасы Жоғары Кеңешінің депутаты, "Атамекен" фракциясының жетекшісі Өмірбек Текебаев пен Дүйсен Шотановтың соты басталды. Сот отырысының алдында Текебаевтың адвокаттары сотқа ел Президенті Алмасбек Атамбаевты шақыру керек деп талап қойған еді. Судья адвокаттардың талабын қанағаттандырмады. Кейбір дереккөздері Текебаевтың қорғаушыларын судья сот отырысына қатыстырмай жатыр дегенді айтады.
Абай-ақпарат