Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 5995 1 пікір 7 Маусым, 2017 сағат 02:26

Мәскеу бірдеңе деді ме?

1) Бірнеше жыл бұрын Украинада Степан Бандера мен Шушкевичтерге ескерткіш орнатылды. Мәскеу: "Фашистерді дәріптеп жатырсыңдар, сендерге не керек екенін біз білеміз, ұлттық идеологияны біз жасап береміз" деп тиісті, айқай көтерді. Одан бұрын Балтық жағалауы елдері 2 дүниежүзілік соғыста орыс әскеріне қойылған ескерткішті қиратқанда түгелімен "фашист" атанды. Әлемде кімнің кім екеніне солар баға беретіндей. 20 жыл бұрын өз елін қорғап соғысқан Шәміл, Аслан, Жохарлар Чечен еліндегі мектептерде дәл қазір "террорист, ұлтшыл, фашист" ретінде оқытылып жатыр. Кейін Грузияға тиісті. Тізе берсең көп. Айта берсең сұмдық.

2) Көктемде қазағы қалың Қызыл-Ордада Мұстафа Шоқайға ескерткіш орнатылды. Қазақстанда біраз сайттар "Бандера сияқты" деп шулағаны болмаса ескерткішке тимеді. Ол сайттардың да Мәскеуден қоректенетіні белгілі. Мәскеудегі Кутузов, Суворов, Иван Грозный сияқты жендеттердің ескерткіштеріне ешкім "фашист" деп ярлык тағып жатқан жоқ. Мейлі ол басқа әңгіме. Бір қызығы жақында ғана шекараға жақын Ақтөбедегі 5 қабатты ғимараттың қабырғасына салынған Шоқай суреті артынша өшіріліпті. Мәскеу бірдеңе деді ме? Әлде демей жатып өшірді ме? Әлде жағдай мүлде басқаша ма? Суретті салған кімдер? Өшірткен кім? Әлиханның суреті салынғанда қандай болар еді?

Әлихан "Қазақ ұлттық мемлекетін құрамын" десе Мұстафа сол кездегі бір пікірлермен "Түркістаншыл" болды. 1 дүниежүзілік соғыс тұсында Ресейді тұқыртып құрту үшін және Ресейді соғыстан шығарып жіберу үшін Ресейге Ленинді жіберіп төңкеріс жасау және "пантюркизм" идеяларын тықпалаған да неміс идеологтары екені рас. Алаш арыстарының 90 пайыз Алаш үкіметі жағында болғаны тағы рас. Себебі Алаш үкіметі Қазақ жерінде, Қоқан-Түркістан үкіметі Қоқан, Хиуа, Бұхара хандықтарының орнында құрылды. Шоқай идеясына қазіргі көзқараспен қарасаң тіпті басқа, тіпті бөлек ұзақ әңгіме. Экономикалық интеграциялық тұстары көңілге қонымды.

3) Дегенмен Мұстафа Шоқай Қазақ даласы мен Орта Азия тәуелсіздігі үшін күрескен тұлға еді ғой. Тағы да осы күндері біреулер Алаш Ордашыларды әсіресе Әлиханды "иманшыл" біреулер "пантюркизмшіл" етіп көрсеткісі келіп жүрген кездердегі кішкене ойым деп білгейсіздер!

Нұрат Ілияс

Facebook-тегі парақшасынан

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3244
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5401