Сенбі, 23 Қараша 2024
4464 15 пікір 7 Маусым, 2017 сағат 14:44

Назарбаев EXPO кезінде қауіпсіздіктің маңызды екенін айтты

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанада өтетін халықаралық EXPO-2017 көрмесі қарсаңында күш құрылымдарының басшыларымен кездесті деп хабарлайды Ақорда.

"Біз шешуші сәтке – көрменің ашылуына таяп қалдық. Қазақстанның астанасына келетін қонақтар саны көп болады. Бүгінде «ЭКСПО-2017» көрмесіне 1,2 миллион билет сатылған екен. Бұл – біз күткендегіден әлдеқайда көп", – деді мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев әлемдегі жағдайдың тұрақсыз екенін ескере отырып, көрмені өткізу кезінде қонақтар мен ел азаматтарының қауіпсіздігін Астанада ғана емес, барлық өңірімізде де жоғары деңгейде қамтамасыз ету маңызды екенін атап өткен. Бұл үшін әр басшыға жеке жауапкершілік жүктеген.

EXPO-2017 көрмесі 10 маусымда ашылып, 9 қыркүйекке дейін созылады. Оған дейін Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті өтеді. "Қазинформның" хабарлауынша, көрменің ашылу салтанатына оннан астам елдің басшылары қатысады.

Абай-ақпарат

15 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394