Бердімұхамедов халыққа арналған барлық жеңілдіктерді алып тастауды тапсырды
Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов үкіметке елдегі барлық әлеуметтік жеңілдіктерді тиімсіз деп, алып тастауды бұйырды. Бұл жөнінде Түркіменстанның мемлекеттік ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бердімұхамедов қазіргі кезде жеңілдік көрсету жүйесі тиімсіз деп, елдің вице-премьеріне барлығын алып тастайтын жоба әзірлеуді бұйырды. Мемлекет басшысының пікірінше, әлеуметтік көмек барлығына бірдей емес, тек көмекке шын зәрулерге ғана берілу тиіс.
1993 жылдан бері елдің тұңғыш президенті Сапармұрат Ниязовтың енгізген жүйесі бойынша Түркіменстанның барлық азаматтары суды, газды және жылуды тегін қолданады. Заңға сәйкес, аталған жеңілдік 2030 жылға дейін сақталуы тиіс.
Елдің бұрынғы вице-премьері Худайберді Оразовтың пікірінше, үкімет ұзақ уақыттан бері жеңілдікті тек өздерінің аттарын шығару үшін пайдаланып келген.
Абай-ақпарат