ҚЫРҒЫЗ-ҚАЙСАҚ МОЛАСЫ ЖӘНЕ ЖАЛПЫ КӨНЕ КЕЗЕҢ ТУРАЛЫ
Даланың барлық жерінде көптеген көне және жаңа молалар, қорғандар мен үйінділер шашырап жатыр. Бұл мылқау ескерткіштер қайсақ өмірінде тарихи тұрғыдан гөрі географиялық тұрғыдан маңыздырақ, себебі жерленгендердің аты-жөні халықтың есінде мәңгі-бақи қалады да, қайсақ өзінің жолын, бағытын осы молаларға қарап бағдарлайды.
Мола1 - нақты тұжырымдамасы жоқ атау, бұл сөздің аясына көне және жаңа зираттар да енеді, бірақ көбіне мола деп қарапайым, жай үйілген топырақ, тас үйінді немесе балшықтан иленген сиықсыз ескерткішті атайды. Жаңа молалар ескілерден осындай қарапайымдылығымен, сиықсыздығымен ерекшеленеді, тек біразын, мәселен, Құлан ханның2 моласын, Сүйік3 пен Әбілқайыр ханның моласын4 (Кіші жүз) бұл санатқа қоспау керек.
Мола салатын материалдар да өзіндік ерекшелікке ие, тек (Ташкенттен келген) шалақазақтардың5 моласы басқаша болады. Қайсақтардың моласынан оның талғамы мен сәулеті, ойма және көркемсурет өнері көрініс табады.
Жаңа молалар негізінен екі түрлі болып келеді: жеке және қорған тәріздес6, соңғы мола ташкенттік қорғандарға ұқсас, яғни сыртқы травеспен7 бекітілген есігі батысқа қараған бекініс.
Даланың барлық жерінде көптеген көне және жаңа молалар, қорғандар мен үйінділер шашырап жатыр. Бұл мылқау ескерткіштер қайсақ өмірінде тарихи тұрғыдан гөрі географиялық тұрғыдан маңыздырақ, себебі жерленгендердің аты-жөні халықтың есінде мәңгі-бақи қалады да, қайсақ өзінің жолын, бағытын осы молаларға қарап бағдарлайды.
Мола1 - нақты тұжырымдамасы жоқ атау, бұл сөздің аясына көне және жаңа зираттар да енеді, бірақ көбіне мола деп қарапайым, жай үйілген топырақ, тас үйінді немесе балшықтан иленген сиықсыз ескерткішті атайды. Жаңа молалар ескілерден осындай қарапайымдылығымен, сиықсыздығымен ерекшеленеді, тек біразын, мәселен, Құлан ханның2 моласын, Сүйік3 пен Әбілқайыр ханның моласын4 (Кіші жүз) бұл санатқа қоспау керек.
Мола салатын материалдар да өзіндік ерекшелікке ие, тек (Ташкенттен келген) шалақазақтардың5 моласы басқаша болады. Қайсақтардың моласынан оның талғамы мен сәулеті, ойма және көркемсурет өнері көрініс табады.
Жаңа молалар негізінен екі түрлі болып келеді: жеке және қорған тәріздес6, соңғы мола ташкенттік қорғандарға ұқсас, яғни сыртқы травеспен7 бекітілген есігі батысқа қараған бекініс.
Жалпы мұндай мола барлық жағы отыз сажынға, биіктігі алты не жеті аршынға тең, қабырғасының қалыңдығы сегіз вершок*1 төртбұрыш құрайды, бірақ олардың кейбірінің көлемді болатыны соншалық, жүзге жуық адам шабуылдан қорғанса, сыйып кетуі мүмкін. Бұл қорғандарды беріктігі жағынан ташкенттік бекіністермен ұқсастыра отырып, шалақазақтардікі деп айтқан жөн.
Бұл пішін басқаларға қарағанда қайсаққа көбірек ұнайды, себебі оның көлемділігі заттың ұлықтығының бірінші шарты, сондықтан осындай молалар маңызды әрі дәулетті қырғыз-қайcақтардың мәйітіне салынады. Мұндай молалар Семейдегі татар зиратында бар, қырда Үлкен және Кіші Алатау етегінде, Ұлы жүзде кездеседі.
Ұлы жүз Шу өзенінің арғы бетіне көшіп, Ташкентпен мықты байланыста болған, сондықтан бұл пішіннің де солардан келуі мүмкін және алғашқыда шеберлер сол жақтан шақырылған.
Мен Ұлы жүзде кездестірген ең үлкен осындай мола Талғар өзенінде, Қашғар керуен жолы бойында Құлан ханға арнап тұрғызылған. Бұл мола екі бөліктен тұрады: қоршауы және мазардың өзі. Қоршау қорған тәрізді*2, бұрыштарында мұнарасы бар және есіктері қарапайым әшекейленген. Мазар қоршаудың ішінде және төртбұрыш тұғырға орнатылған күмбез*3 пішінінде. Бұл моланың үлкендігі соншалық, оған барлық хан ұрпағы сыйып кетер еді.
Дәрежесі төмен адамдардың молалары бір-біріне ұқсас, конус немесе төртбұрышты пирамида сияқты, кейде төбесіне бірдеме шаншылып қойылады немесе пирамида түрінде баспалдақтар жасалып, үзік сызықтармен әшекейленеді, былайша айтқанда, молалардың түрі сансыз.
Құрылысқа арналған негізгі материал топырақ. Мұнда ол көп қолданылатын материал деуге тұрарлық. Көптеген молалар алдымен топырақтан тұрғызылып, сыртынан балшық жағылып немесе күйдірілмеген кірпішпен қаланады. Қазақтар бұл өнерді қайдан үйренгені белгісіз, бірақ күйдірілген кірпіш далада сирек деуге болмайды және ол көне құрылыстарда жиі кездеседі.
Қайсақ кірпіші балшығының мықтылығымен және тегістел-мегендігімен ерекшеленеді; ол өте жұқа және әртүрлі пішінде, қажетіне қарай дөңгелек [құрылысқа] - дөңгеленген, пирамида үшін төртбұрышты және тіктөртбұрышты. Мен Сұлтан Сүйік моласының қирандысы жанынан кірпіш күйдіретін бір ташкенттік қолынан шыққан пештерді көрдім. Бұл пештер орыс пешінен еш кем емес.
Қорған тәріздес молалар үнемі шикі кірпіштен жасалады, Ташкенттегі нағыз қорғандар сияқты балшықтан иленбейді. Өңделмеген таспен, ұсақ таспен шағын және елеусіз молалар қаланады. Мәселен, Сүйіктің моласы қасында бұзылған мазар басып қалған бірнешеуі болды. Олар жай ғана топырақ үйіліп, ұсақ таспен жабылған. Қозы Көрпештің маңында да осындай молалар көп. Олардың қатарына бекініс пен өзенге есімі берілген Қапал батырдың моласы жатыр. Ағаштан жасалған мола өте сирек кездеседі. Мен мұндайдың тек біреуін ғана көрдім: ол жіңішке терек ағашынан жоғарыға қарай үшкілдене қаланған екен.
Ұлы жүздегі Сүйіктің моласын (Абылайдың ұлы) жоғарыда айтылғандай, ташкенттік шалақазақ қалаған. Төртбұрышты бөлмені күмбез жауып тұруы керек болған, оның биіктігі он бес аршын шамасында; шамасы, шалақазақ күмбездің қалай жабылып жатқанын көріп тұрған, оны бітіріп үлгермей құрылыс құлап, шебер мен тоғыз жұмысшы қайсақты басып қалған. Сүйіктің ұлы Барақ аман қалған. 1853 жылы құлаған бұл моланың қирандысы Қаратал өзенінен он шақырым жерде Боранай тауының етегінде жатыр.
Абылай хан Әзірет сұлтанда жерленген.
Әбілқайыр ханның моласы (Кіші жүз) Торғайға оң тараптан құятын Үлкейек өзенінде. Оны Рычков 1771 жылы қалмақтар қашқан кезде сипаттап жазған. Біз оның сипаттамасын энциклопедиялық лексиконынан (бірінші том, 54 бет) келтіреміз: «Әбілқайырдың ескерткіші сұр кірпіштен қаланып, жартылай дөңгелектене біткен конус тәріздес. Оның биіктігі төрт аршын, көлденеңі үш аршын. Жартылай шардың басына әдет бойынша түрлі шүберектер, қасық, тостаған, жылқы құйрығы байланған найза мен бидай бумасы шаншылған».
Осы моланың сипаттамасына қарап мен Ұлы жүзде осыған ұқсас екі моланы кезіктірдім, сыртқы жобасына қарап бұлар Аташ батыр мен Байғазыныкі деп мөлшерлеуге болар.
Екеуінің де төртбұрыш іргетасына готика үлгісіндегі жартышарлар қойылған; шардың іші бос және бүйірінде саңылау бар: іргетасқа жақын екі үлкен тесік, біреуі терезе орнына қойылған шағын; күмбезге көтерілу үшін бір жағынан баспалдақ жасалған. Оңтүстік жағынан негізгі құрылысқа жапсарлас шағын қабырғалы орын қоршалған. Бұл шамасы дүние салған соң батырлардың жанынан орын тебетін туыстарына арналса керек. Байғазы моласының текшелі іргетасының іші қуыс және ескерткішті айнала топырақ дуалмен қоршалған зиратты айналдыра ормансыз ашық далаға әдемі жасыл көрік беретін тал ағаштары отырғызылған. Екеуінің де күмбезіне аттың қылы байланған найза қадалған.
Молалар үнемі биік жерлерге, керуен немесе көш жолдарына және өзен-көлдердің маңына қойылады. Мұндағы мақсат - өткен-кеткендер марқұмның рухына арнап дұға жасасын деген тілектен туған.
Көне ескерткіштер пішіндерінің әртүрлілігімен, материалының жақсы өңделуімен, мықты күмбезімен және қосымша ойма өрнектерімен ерекшеленеді. Жанынан өткен саяхатшы өз жазбасына бұл құрылыстар жабайы емес, білімді халықтың туындысы екенін жазады. Бірақ осы далада білім қашан гүлденген? Бұл істі тарихи шындық қаншалықты мүмкіндік береді, соншалықты түсіндіруге тырысамын.
Біріншіден, көне молалардың қарапайымдылығы мен өнер түріне қарай екі топқа бөлінетінен ескерту керек: халық моласы (үйінділер) және құрметті адамдар моласы (мазарлар).
Қазақ мазарларының түрлері
Бұл жер, біздің даламыз монғолдар кезеңіне дейін түркі тектес халықтардың отаны болды; өз әкесіне қарсы күресте Оғыз ханды қорғаған төрт тайпа: ұйғыр, қалаж, қаңлы және қарлұқтар түркі одағының негізін құрады. Шығу тегі басқа, бірақ түркіше сөйлеп, түркілердің ғұрпын ұстанған халықтар да болды. Олар - бұлғар, хазар, башқұрт, мадиярлар. Монғолдардың шабуылы бұл елдің тұрғындарын мүлдем өзгертіп жіберді, тайпалардың атаулары жоғалды, тек біразы ғана қазақ тайпаларының атауын сақтап қалды; ескі тұрғындар жаңа тұрғындарға сіңісіп кетті, бұл жерлерде монғол заңдарына сәйкес Алтын Орда одан басқа ордалар: Ноғай немесе Маңғыт ордасы, Оралдағы орда, Сейхунға дейінгі Көк орда және шайбанилер құрған Түмен ордасы пайда болды. Бұл ордалардың барлығының хандары өздерін дала түкпіріне жерлеуді өсиет етсе керек, мәселен, Маңғыт ордасының негізін қалаушы Едігенің моласы Ұлытаудағы қолбасшы есімімен аталатын биіктердің бірінде. Оның моласы - әшейін ұсақ тастардың үйіндісі, шамасы, кезінде оның белгілі бір пішіні болған шығар, бірақ кейіннен бұзылған, оның ерекшелігі өзі орналасқан таудың аяқ басуы қиын жерінде тұруында.
Сонымен, көне молалардың құры-лысын монғол дәуіріне жатқызғанда, монғолдардан мұндай құрылыс өнерінде көп мағлұмат талап ету керек, алайда түркілер оларға қарағанда әлдақайда білімді болған, қалалар салып, ол жерде отырықшылықтың, дәулет пен сауданың, ескерткіштерін қалдырған.
Мәселен, бұлғарлардың астанасы Бұлғары Қазаннан 60 шақырым қашықтықта, әлі күнге дейін қиранды түрінде сақталып жатыр. Түркілердің басқа қанатындағы ұйғырлардың да білімі аз болмаған, қалаларда тұрған, жазуы болып, христиан дінінің несториандық бағытын ұстанған. Бұл екі халық, шамасы, монғол билеушілеріне тамаша шеберлерді ұсынған болса керек. Итальяндық Плано Карпини Қарақорымдағы8 хан тағының көркемдігін суреттейді, оның төрт бұрқағы болған, біреуі қымыз атқылаған.
Бұдан кейін Ұлытау сияқты меңіреу далада, Кеңгірде өзінің құрылысымен таң қалдыратын Қамыр хан, Алаша хан, Домбауыл әулие, Болған ана және басқалардың, көптеген молалардың болуы заңды, бұлардың барлығы кірпіштен қаланған, сыртынан әр түсті сырмен боялған. Қаражардағы Қаракеңгірдің саласындағы Болған ананың моласы ақ түсті, күмбезі шағын ғимарат9 және басқалары да осылай салынған. Алаша хандікі сәл өзгешелеу: күмбездің іргетасы мазардан кішкентай, сондықтан төбесі жабылған, ал қабырғалары жоғары қарай тарыла келген шағын баспалдақпен шығуға болатын балкон құрған.
Бұл құрылыстардағы ең тамашасы күмбездің өте берік орнатылғаны және кірпіштердің қиғаш қаланғаны: кірпіштердің бір қатары оң жағымен төмен қаланса, өзгелері сол жағымен қаланған. Мұндай молалар далада көп қайталанбайтын өте сирек, тек Нұра өзенінің сағасындағы Ботағайдың моласы осыған ұқсас, бірақ мен оның құрылысы жайлы ештеңе айта алмаймын.
Осындай пішіннен [дамыған] көне мола пирамидаға, ашық галереяларға, тесіктері бар шақпақ тастарға айнала келе жай бағана түріне жетті.
Іші қуыс пирамида түріндегі молалар әдетте өңделмеген тастан жасалынады; мұндай молалардың пирамидалық пішіні жерден басталмайды, алдымен қабырғалары тұрғызылып, жоғарылаған сайын тарыла береді. Мен мұндай үш моланы ғана білемін: Үйге құятын, Орынбор линиясындағы, Тоғызақ өзені маңындағы Паллас жазған Кесене 10, Ақсу мен Басқан өзенінің ортасындағы, Аягөзден Қапалға жүретін жолдағы Қарасу бекінісінен 12 шақырымдағы Ордабай11 моласы, оның ішінде гранит балбал тұр және ең маңыздысы Қозы Көрпеш моласы. Ол Аягөз өзенінің жағалауында Аягөз бекінісінен 90 шақырымда тұр. [Құрылыстың] қабырғасына азиаттықтар бейнесіндегі төрт балбал қойылған, мойындарына әшекей бұйымдар тағылған, екі қолы ішіне бір кесіндіні ұстай түйіскен*4. Бұл балбалдар қайсақ жыраулары күні-түні айтатын жырдағы қаһармандарды бейнелейді. Поэма кейіпкерінің атына сәйкес мола да Қозы Көрпеш деп аталады. Аягөзге қарай жолда тағы бір мола бағанасы бар, оның маңындағы сұрықсыз балбал - Қозы Көрпештің бәсекелесі Қодардың мүсіні. Сондай-ақ, жерге қадалған бағандар да бар. Олар Қызыларай тауының етегінен орын тепкен. Олардың сипаттамасын Қоқанға барған бір есаулдың жазбасынан табуға болады12. Бұл бағандардың ұшына адам бейнелері салынған. Есаул сол жерден саңылау тесіктері бар қиғашталып қойылған тақталарды көрген13, оларды жалпы ғимараттың есігі немесе терезесі деп санайды.
Қарқаралыдан Ақтауға жүрер жолда тақтадан құралып, бір-біріне тығыз жапсырылған, бір жағында есігі бар молалар көп кездеседі14. Мұндай галереялар Ұлы жүзде де бар.
Көнеден қалған жәдігерлердің барлығын қайсақтар монғол шабуылынан кейін осы жерде көшіп-қонып жүрген ноғайлардыкі дейді, өзгелері (даланың шығыс бөлігінде) - қалмақтардыкі, батыс бөлігіндегі біразы - башқұрттардыкі немесе солармен тайпалас елдікі деп болжау керек.
Мұндай жәдігерлерге: қазірде бос қалған, кезінде қазылған кен орындары (Жезді-Кеңгір маңындағы мыс орны); бос қалған егістіктер (Түндігүр шатқалында); диірмен тасы (Алматы шатқалында) және дуал сияқты түрлі үйінділер жатады.
Ұлы жүзде жекелеген төрт қабырғалы бекіністердің дуалы мен орлар жиі кездеседі, бірақ көненің ең керемет қалдығы Кіші Алатаудағы Қора өзенінің жоғарғы сағасынан Шу өзенінің бастауына дейін қазылған ор. Бұл ор тау үстінен, шұңқырлардан қазылып өткен, ұзындығы 900 шақырымға жетіп қалады, тереңдігі қазірдің өзінде бір жарым сажыннан кем емес. Қырғыздардың бұл орға қатысты мынандай аңызы бар: бір ханның ұлын жабайы құландар жазық далаға еліктіріп, бала содан жоғалып кетеді. Құландарды қайтар жолда ұстау үшін хан далаға көлденең ор қазуды бұйырады. Бірақ, бұл Шыңғыс хан ұлысының шекарасы деп те болжауға болады15. Қапалдың маңында, Биен өзенінде гранитті бағанасы бар көне қорған тұр.