Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 6718 33 пікір 14 Маусым, 2017 сағат 13:57

Атамбаевтікі қызғаныш па?

Астана ЭКСПО-2017 көрмесіне жауапты Ахметжан Есімов Қырғыз Республикасының  Президенті Алмазбек Атамбаевқа жауап берді, деп жазады "Время" басылымы.

Сөйтіп, Астана ЭКСПО-2017 ҰҚ АҚ жетекшісі Ахметжан  Есімов Қырғызстан Президентінің ЭКСПО жайлы айтқандарына жауап беріпті.

Өткен жолы Алмазбек Атамбаев: "Егер мен 3 миллиард жұмсап, Астанадағыдай көрме өткізсем, қырғыздар мені тірідей өртеп жіберер еді" деді.

Қырғыз басшысының бұл сөзіне ресми органдар тарапынан еш жауап болмаған. Жақында көрме құрылысына жауапты Ахметжан Есімов "Время" газетіне пікір білдіріп:

-Қырғыз жұрты не істейтіні мен білмеймін. Біздің Президентіміздің әр бастамасы халықтық қолдау тауып жатыр. Мен өзіме тікелей қатысы бар ЭКСПО көрмесі туралы айтайын. ЭКСПО құрылысына Атамбаев мырза айтып отырғандай 3 миллиард доллар емес, 1,3 миллиард доллар жұмсалды. Көріп отырғандарыңыздай, ғимараттар бастан-аяқ сапалы жасалған. Бұл ғимараттар әлі ұзақ уақыт  елдің пайдасына жарайтыны сөзсіз. Және бұл өзін-өзі ақтайтын жоба. Қазірдің өзінде демеушілердің қаржысы бар, ЭКСПО аумағындағы жарнамалардан, автотұрақтардан, билет сатылымынан т.б. түскен қаржы 70 миллиард теңгеге жуықтады. Бұл 220 миллион доллар. Сондықтан, көріп отырғандарыңыздай, Атамбаев мырзаның біздің көрме  жайлы деректері аз екен, - деді Ахметжан Есімов.

Абай ақпарат

33 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1475
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5452